«Барлығына Қытай кінәлі» деген пікір АҚШ-тағы президенттің жарыстың басталуымен күшейе түсті.
Құжатта көрсетілгендей, Қытай билігі коронавирустың пайда болуы туралы кез келген жаңалықты саналы түрде жасырған. Пекиннің қолында 2019 жылдың желтоқсан айының басында адамнан адамға инфекция берілетінін дәлелдейтін деректер болды, алайда бұл фактіні 20 қаңтарға дейін жоққа шығарып келді. Сонымен қатар, жергілікті ғалымдар зертханаларда COVID-19-ға тәжірибе жүргізді. Ал 3 қаңтарда Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комитеті коронавирустың үлгілерін жойып, белгісіз инфекция туралы ақпаратты жарияламау туралы нұсқау берді.
Нақты адамдардың аты да аталды — Ухань вирусология институтының докторы Ши Чжэнли. Ол 2013 жылы жарғанаттардан бөлінетін заттарды зерттесе
2015 жылы америкалық әріптестерімен коронавирусты синтездеу бойынша тәжірибе алмасты
«Жарғанаттардың вирусы сүтқоректілерге берілуі мүмкін бе?» деген болжамды зерттеуді мақсат етті. Ғылыми журналда жарияланған өз жұмыстарының бірінде профессор келесідей пікір білдірді:
«Болашақта коронавирусқа ұқсас SARS немесе MERS вирустары жарқанаттардан таратуы мүмкін. Бұл Қытайдан бастау алады деген жоламал бар».
«Қытай мен вирусты» байланыстыру идеясы соңғы аптада жаңа қарқын ала бастады. Сондай-ақ, 15 сәуірде АҚШ Қарулы Күштері Штаб бастықтары комитетінің төрағасы, генерал Марк Милли мынандай пікір білдірді: америкалық билік жаңа үлгідегі коронавирус жасанды жолмен шығарылған деп санайды. Алайда екі аптадан кейін ұлттық барлау директорының басқармасы «SARS-CoV-2 вирусы қолдан жасалмаған» деген қарсы пікір білдірді.
Дегенмен, әлі күнге дейін бұл мәселеге қатысты біржақты пікір жоқ. Тіпті «Бес көздің» ішінде де. Австралиялық барлау вирус Уханадағы базарда пайда болды деп есептейді. Қалған төрт мемлекеттің арнайы қызметінің өкілдері COVID-19 жасанды түрде пайда болды деген пікірді құптап отыр.
Қытай мұндай айыптаулардан жалтарып отыр. Олар коронавирустың пайда болуын биологиялық қару әзірлемелерімен байланыстыратын кез келген теорияны «мүлдем ақылға қонымсыз» теория деп санайды.
ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзян Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «жаңа коронавирустың зертханада құрылғаны туралы ешқандай дәлел жоқ» деген пікірін тілге тиек етті.
4 мамырға қараған түні Дональд Трамп өз сөзін айтты. Бұл алғаш рет болған жағдай емес. 1 мамырда ол коронавирустың Қытай зертханасында пайда болғанын дәлелдейтін ақпарат бар екенін мәлімдеді. Бұл жолы Ақ үйдің басшысы вирусының таралуына себеп болған Қытайдың қателігі туралы айтты.
«Менің ойымша, олар қорқынышты қате жасап, оны мойындағысы келмеді. Біз көмекке келгіміз келді, бірақ олар бізді кіргізгісі келмеді. Тіпті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын да жібермеді. Олар мұны кеш мойындады. Менің ойымша, олар жасаған қателіктерін жасырмақ болды, оны өрт сияқты сөндірігісі келгенмен, бәрі тым кеш болды», — деді Трамп.
Бірақ, АҚШ президентінің пікірінше, Қытайдың өз тұрғындарының елден тыс жерлерге шығуына тыйым салмауы кешірілмес қателік болды. Атап айтқанда, АҚШ-қа шығуға рұқсат беруі туралы айтып отыр.
Бұған қатысты конспирологиялық (ең көп) бастап қатаң бюрократиялық болжамдарға дейінгі түрлі пікірлер бар. Кезекті пікірді барлау мәліметтеріне сілтеме жасай отырып Associated Press жариялады. Олардың айтуынша, Қытай коронавирустың өршуінің ауқымын және оның жұқпалылық дәрежесін жасырған. Елді қажетті қорғаныс құралдарымен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіп алуды мақсат тұтқан
Атап айтқанда, Қытай дәрі-дәрмек импортын арттырып, медициналық тауарлардың экспортын қысқартты.
Бірқатар экономикалық сарапшылар ағымдағы жағдайда Қытайға ақпараттық шабуыл жасалғаны туралы айтады. Қазір АҚШ осыдан бір-екі жыл бұрын болған сауда соғысы кезінде жасай алмаған әркеттерге мүмкіндік бере алады.
Қор нарығының құлдырауына барлығының еті үйреніп кетті. Тауар айналымын қысқарту нақты дерек ретінде қабылданады. Тауар тапшылығынан күшті инфляция болады деп күтудің қажеті жоқ, себебі жоғары сұраныс тудыратындай халықтың қолында ақша жоқ. Нәтижесінде: қазір Трамп қалағанын жасай алады. Яғни, АҚШ-тың истеблишментінің наразылығын тудырмай, жаңа баждар мен санкцияларды енгізеді. Осындай стратегияның түпкі мақсаты америкалық компаниялардың өндірістерін Аспан асты аумағынан шығару және оларды АҚШ-қа қайтару.
Күзгі президенттік сайлау туралы да ұмытпау керек. Коронавирус пен оның салдары Президент лауазымындағы Трамптың барлық жетістіктерін жоққа шығарды: биржалар құлдырады, жұмыссыздық артты, өнеркәсіп және экономика қысқаруда.
Мұндай сәтте сыртқы жаудың жарқын бейнесі бұрынғыдан бетер қажет. XX ғасырдың екінші жартысында осындай жағдай туындағанда КСРО/Ресейдің демонизациялауды пайдаланды. Қазір – Қытай. Сол себепті де COVID-19 қалай пайда болса да, ол Қытайдан тарады.