Мамырдағы зейнетақы қорының табысы 183 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылдың қыркүйегінен бергі ең жақсы айлық нәтиже.
БЖЗҚ мәліметтері бойынша, 2021 жылғы қаңтар-мамыр айларында салымшылардың шоттарына салынған зейнетақы қорының жалпы инвестициялық табысы 671,8 млрд теңгені құрады. Салыстыратын болсақ: 2020 жылдың осы кезеңінде көрсеткіш 520,37 млрд. теңгені құрады, осылайша, өткен жылғы табыс 29,1%-ға өсті.
Бұл жерде мамыр айының табысы да маңызды рөл атқарады. Айдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ табысы 183,3 млрд. теңгені құрады, бұл – 2020 жылдың қыркүйегінен бергі (214,1 млрд.) ең үлкен көрсеткіш. Осындай нәтиже бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалауға (68,15 млрд) және бағалы қағаздар бойынша, оның ішінде салынған салымдар мен “кері РЕПО” операциялары бойынша сыйақы түріндегі тұрақты жоғары табысқа байланысты (69,32 млрд).
Жалпы, БЖЗҚ табыстылығы инфляцияға қарағанда жылдам өсуде, яғни қордың қызметі салымшыларға нақты табыс алып келуде.
“2021 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табысы инфляция 3,50% кезінде 5,28%-ды құрады. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыс 1,78%-ды құрады.
Бұл ретте 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары үшін соңғы 12 айдағы (2020 жылғы маусымнан бастап 2021 жылғы мамырға дейін) зейнетақы активтерінің табысы инфляция 7,20% кезінде 11,67%-ды құрады. Яғни, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты табыс 4,47%-ды құрады”, – деп атап өтті қорда.
Мамыр айында мәмілелердің едәуір көлемі шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен байланысты болды. Көп жағдайда оларды БЖЗҚ сатып жіберді.
“Қарастырылып отырған кезеңде шет мемлекеттердің жалпы сомасы 25,30 млрд.теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздары сатылды. Сондай-ақ, шет мемлекеттердің МБҚ жалпы сомасы 55,63 млрд теңгеге өтелді”, – делінген қордың хабарламасында.
Қандай қағаздар туралы сөз болып отыр? Мамыр айында:
Сондай-ақ корпоративтік борыштық қағаздар да сатылды. Олар бойынша мәмілелердің жалпы сомасы 65 млрд теңгені құрады. Облигациялары өткізілген компаниялар қатарына мыналар кірді:
Бірақ мұнымен сатылым аяқталған жоқ:
“Қарастырылып отырған кезеңде Еуразиялық Даму Банкінің 4,27 млрд теңге көлеміндегі облигациялары сатылды. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарын сатып алу және өтеу жағдайлары болған жоқ”, – деп атап өтті БЖЗҚ-да.
Осылайша, мамыр айында шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарымен жасалған мәмілелер көлемі шамамен 150 млрд теңгені құрады.
Шетелдік банктерде бұрыннан таныс қысқа мерзімді салымдар да болды. Мамыр айында “валюталық портфельдің табысын қолдау мақсатында” өтеу мерзімі 1 күннен 2 айға дейінгі шетелдік банктердегі 463,72 млрд.сомадағы салымдар салынған, соған қарамастан олар бойынша табыс жылдық 0,13% – дан жоғары емес.
Мамыр айында ақша 7 шетелдік ЕДБ-ге орналастырылды:
Депозиттерге жіберілген қаражаттың бір бөлігі іс жүзінде БЖЗҚ-ға осы ЕДБ-ден қайтарылмады. Мамыр айында бұрын салынған депозиттер бойынша жалпы сомасы 220,72 млрд теңгеге негізгі қарыз өтелді. Және ол қаражат Bank of Tokyo-Mitsubishi (68,39 млрд), Mizuho Corporate Bank (64,14 млрд), ING Bank (69,53 млрд) и Bank of Nova Scotia (18,67 млрд) банктерінде қалды.
Қазақстандық эмитенттерге келер болсақ, сомалар қомақты болғанымен көптеген мәмілелер жасалған жоқ.
“Есептік айда ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде зейнетақы активтері бойынша табыстылықты қолдау мақсатында ҚР Ұлттық Банкінің депозиттеріне инвестициялау жүзеге асырылды. Мәмілелердің орташа көлемі жылдық 8,08% орташа табыстылықпен 163,72 млрд теңгені құрады”, – деп атап өтті БЖЗҚ-да.
Одан бөлек, мамыр айында ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ 55,59 млрд.теңгеге өтелді, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ 119,41 млрд. теңгеге сатылды.