Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
7
USD
426
0.00
EUR
495
0.00
RUB
5.98
0.00

Сәуірде инфляция деңгейі 0,6 пайызды құрады — ҚР Ұлттық банкі

ҚР Ұлттық банкі таратқан хабарламадағы мәліметтерге сүйенсек, азық-түлік тауарлары 0,7, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 0,8 пайызға қымбаттағаен. Ал ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,4 пайызға өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2016 жылғы сәуірде орамжапырақтың бағасы 34,1, жарма — 6,5, шай – 4,4, нан — 1,9, макарон өнімдері — 1,2 пайызға қымбаттады.

Ал ақылы қызметтер тобында тұрғын үй-коммуналдық қызметтердің ақысы 0,5 пайызға өскен. Оның ішінде, қоқыс жинау тарифтері 4,7, суық су – 3,5, тұрғын үйді ұстау — 1,6 пайызға көтерілді.

«2016 жылғы қаңтар мен сәуір айлары аралығында инфляция деңгейі 3,6 пайызды қамтыған. Бұл – былтырғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 2,4 пайызға артық көлем. Жылдың басынан бастап азық-түлік тауарларының бағасы 3,9 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 3,5 пайызға, ақылы қызмет көрсету — 3,5 пайызға өсті», – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз