Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
425
+1.44
EUR
498
+0.42
RUB
5.56
-0.01

Жыл басынан бері Қазақстанда топпен жұмыс ауыстыру он есеге азайған – Елбасы

-деді Н.Назарбаев.

«Реформаның біріншісі – мемлекеттік қызметтегі реформа. Екіншісі, заңның үстемдігі. Үшіншісі – экономика, шағын және орта бизнесті қолдау. Төртіншісі – халық бірлігі. Бесінші – ашық әрі есеп беретін үкімет. Бұл былтыр жария етілген реформа. Былтыр біз жыл бойы осы реформалардың заңнамалық базасын қамтумен жұмыс істедік. Еліміздің Парламенті мен Үкіметі белсенді жұмыс істеп, 59 заңды қабылдады. Міне, осы жылдың басынан бері, төрт ай бойы реформаларды жүзеге асырып келеміз. Осы уақыт ішінде 100 қадамның 25 қадамы орындалып, іске қосылды»,

-деген Президент нақты мысал ретінде бірінші реформаның алғашқы нәтижелеріне тоқталды.

«Мемлекеттік қызметті жетілдіру пункті бойынша айтар болсам, енді ешкім де жоғары лауазымға бір аттап қол жеткізе алмайды. Кез келген мемлекеттік қызметкер саты-сатысымен өсіп, жоғары лауазымға лайықтылар ғана қол жеткізеді. Яғни, алдымен тест тапсырады, емтихан тапсырады, практикадан өтеді, оқиды. Және де бұрынғыдай, шенеунік артынан өз тобын ертіп келе алмайды. Бірінші тоқсанның өзінде осындай жағдай он есеге азайған»,-деп хабарлады Н.Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз