Венесуэлада ашулы халық жүкті әйел мен 4 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінген еркекті өлгенше ұрып-соғып тастады, деп жазады Life.ru.
Өне-бойы қан-жоса болған күдікті жерде жатыр, жұрт сонда да қоймай, оны тепкілеп жатыр.
Жиналған жұрт анда-санда “мынау әлі тірі екен!” деп айғайлап, одан сайын өршеленуде.
Полиция ашулы халықты әрең тоқтатып, әлгі жігітті ауруханаға апарған, бірақ басынан түк қалмаған ол қайтыс болып кетті.
Бұл оқиғадан бірнеше сағат бұрын 17 жастағы бір бойжеткен өзінің де зорлық құрбаны болғанын анасына айтып, сол күдіктінің атын атапты.
Ал жергілікті тұрғындар өз ауданында осындай зорлық оқиғаларының көбейгенін, ал полицияның түк бітірмейтінін айтып ақталды.
Ал марқұмның туыстары оның қарапайым диқан болғанын, дәл мұндай ажалға лайық емес адам болғанын жеткізіпті.