Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Журналистер де сондай ма?». Немесе қазақ қыздары қашан бұзыла бастады?

189

Жігіт ағасы айналасында тұрған жастарға ала көзбен қарап, біраз бұрқылдады.

«Ағасы, сабыр етіңіз», – дедім.

«Жастардың бәрі сіз ойлағандай жаман емес. Небір талантты, дарынды, қолынан іс келетін, жастар бар. Дүниенің төрт бұрышын өзіне табындыра бастаған таланттар шыға бастады. Өзіңіз айтқан журналистер жазып, көрсетіп жатыр ғой», – деп жаныма отырған жігітті сөзге тарттым.

«Әй, сол журналистердің өздері жетісіп тұрғаны шамалы. Білемін ғой оларды. Мен де солардың бірімін. Өтірікті шындай, ақсақты тыңдай ғып көрсетуге шеберміз. Онымен қоймай, ұрпақ тәрбиесі, ар-ұят жайлы жазамыз. Бауырым, мен өткен ғасырдың сексенінші жылдары журфакта оқыған жандардың бірімін. Әңгіме болсын, мен саған бір шындықты айтайын:

Мен оқыған жылдары журфакта, жалпы КазГу-де шетелдіктер көп оқыды. Африкалық негрлер, Таяу Шығыстан келген арабтар, ауғандар, шүлдірлеген кампучиялықтар дейсің бе, әйтеуір көп. Олардың дені жігіттер еді.

Сол шетелдіктер университет қабырғасында жүргенде небір сұлу қазақ қыздарының қызығын көрді.

Мен орыс, славян қыздарын айтпай-ақ қояйын. Басқа факультет жөнінде сөзім жоқ. Сол журналист қыздардың талайы сол шетелдіктердің ойнасы болды. Шет елдіктер де біледі. Олар тек әдемі қыздармен ғана қыдырады. Төсектес болады. Беті жылтыр, сымбатты келген талай журфактың қыздары негрлердің, арабтардың, кампучиялықтардың қолтығында жүрді. Шыққыр көзіміз бәрін көрді ғой.

Әрине, қыздардың бәрі сондай болды деп айта алмаймын. Арлы қыздарымыз да бар, жақсылары жетерлік. Әңгіме бір қарын майды бір құмалақ бұзатыны жайында. Кейбір ойы қысқа, ақылы шолақ, бетінің әріне малданғандар шетелдіктермен қыдырғанды ар көрмеді. Тіпті, мақтан көрді. Ол кезде дүниенің бәрі дефицит еді ғой.

Сол жеңілтек қыздар шетелдіктердің сырттан алып келген косметикасы, джинсы киімдеріне айырбас ретінде тәндерін сатып жүрді. Оны өздері де айтатын. Көзі-басы қиылған бір әдемі курстас қызымыз болды. Жақсы араласып жүрдік.

Алғашқы курстарда сондай тәрбиелі, сабаққа алғыр болып, өзгелерге үлгі болып жүретін. Соны соңғы курсқа қарай түлен түртті. Шетелдіктермен қыдыратын болды. Бір күні су жаңа джинсы кастюм-шалбар киіп келіпті. Кімдер сыйлағаны белгілі. Намысты екі-үш жігіт ортаға алып ұрыстық. Беті бүлк еткен жоқ.

https://kaz.365info.kz/ynty-yp-kelip-sti-e-erkek-shy-anda-yatsyz-a-yn-kim-eken-246629

«Қазір вареный джинсы моды. Жатсам, өзім жатып алдым. Қақыларың қанша. Маған ақыл соқпаңдар деп», – ар-ұят, қазақ қыздарының ибалығы, тәрбиесі жайында айта бастаған біздің бетімізді қайтарып тастады.

Тағы бір беті әрлі курстас қызымыздың ауылда күйеуі болса да, оқуды бітіргенше жатақханада тұратын бір шетелдіктің тұрақты көңілдесі болып жүрді. Бауырым, қазақ қыздарын шетелдіктермен қыдыртып қойып, сендер не істедіңдер, намыс болмады ма, деп ойлап отырған шығарсың. Иә біз не істедік?

Шетелдік студенттердің қолтығындағы сұлу қыздарға қызыға қарап, «мына негр неткен бақытты, мына қызбен жатып жүрген», – деп қызыға қарағаннан аса алмадық.

Өйткені заң бізді емес шетелдіктерді қорғайтын. Оларды ұру тұрмақ, боқтауға тыйым салынған. Олар соны біледі. Намысты бірнеше қазақ жігіті қыздарға қырындаған шетелдіктерді бір рет сабағаны бар.

Ректорат шетелдіктерді қорғап, әлгі жігіттерді оқудан шығармақшы болды. Сондай заман еді. Қазір де өзгергені шамалы-ау. Өйткені елімізде әлі де шетелдіктердің құқын өз азаматтарына қарағанда жоғары қояды. Бірді айтып бірге кеттім-ау деймін.

Сол жылдары тіпті біраз қыздарымыз негрлерге, арабтарға т.б күйеуге шығып, шетел асып кетті ғой. Солардың көсегесі көгергені шамалы шығар. Қазір кейде сол шетелдіктермен кезінде қыдырған кейбір журналист қыздар ұрпақ тәрбиесі, қыз баланың өзін қалай алып жүру керектігі жөнінде газет-журнал беттерінде, теледидардан ақыл айтып жатады. Сондайда қаным басыма шабады. Ұялы телефондарын тауып, «әй, өздерің кезінде қандай болып едіңдер», – деп айтып-айтып тастағым келеді.

Бірақ өткенді бықсытып қайтем деймін де, өзімді тоқтамға шақырамын.

Қой, мынау менің аялдамам, түсейін», – деп біраз әңгіменің басын қайырған әлгі жігіт ағасы есікке ұмтылды.

«Е-е, жастардың, соның ішінде қыздардың бүліне бастауы қазіргі нарық заманында емес, сонау кеңес заманында бастау алған екен ғой», деген оймен әлгі жігіт ағасының соңынан қарап отырып қалдым.
https://kaz.365info.kz/lerdej-kinemin-studenttik-sha-ta-y-zh-risim-aldymnan-shy-ty-247759

Бақдәулет Мәулентегі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз