Алматыда 39 жасында журналист Рахат Мамырбек бақилық болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл ақпаратты ауруханадағылар растады.
Журналист инсультпен шұғыл түрде ауруханаға түскен екен. Дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.
Рахат Мамырбек әр жылдары “Азаттық радиосы”, “Қазақстан”, “Алматы”, КТК және “31 канал” телеарналарында жұмыс істеген.