Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Журналист: Ләйлә Сұлтанқызының көзін жою үшін арнайы Ресейден киллер жіберген

342

Қайрат Беркінбаев Оңтүстік халқына танымал, абыройлы азамат. Туған ауылына бір орта мектеп пен бір балабақша салып, ішін жиһазбен толтырып, мемлекетке өткізген. Бұл еңбекке Лəйләнің да қосқан өлшеусіз үлесі бар екені даусыз. Қайрат пен Лəйлә жыл сайын жаңа оқу жылында əлгі мектеп оқушыларын жаңа оқу құралдарымен, сөмкемен қамтамасыз етеді.

https://kaz.365info.kz/efirde-gana-ademi-lajla-syltankhyzynyn-sahna-syrtyndagy-bylygy-ashyldy-foto-287693

Түрлі мейрамдарда ауданға келіп, жоқ-жітіктерге сыйлықтар үлестіреді. Қаржылай қолдау көрсетеді. Жаз айларында ауданның үздік оқушыларын еліміздің түрлі өңірлерінде дем алдырады. Бұл қызметтері үшін елдің ақ батасына кенелген. Олай жасамаса да ешкім ештеңе демес еді. Бірақ олардың елге, жерге деген көңілі ерекше”, – деген ол сыныптасының басынан өткен сұмдық жайттың да басын ашты.

“Қайсыбір жылы Қайраттың жұмысында өте үлкен келеңсіз оқиға болды. Айналымдағы қаржысын бір түнде үптеп кетті. Ол аздай, тонаушылар ізін жасыру ниетімен ерлі-зайыптының көзін жою үшін Ресейден киллер жалдады. Үйді күндіз-түні күзеткен СОБР-дың жігіттері киллерді қолға түсірді.

Басқа адамдар мұндайда не боларын бір Алла біледі. Ал Қайрат пен Лəйла сыр берген жоқ. Астанаға көшіп, ипотека төлеп отырса да ауылға бұрынғыдай барын үлестіріп келеді. Мұндай үлкен жүрек адамның адамына ғана бұйырған шығар деп кейде таң қалам”, – деген журналист мақтау сөздерін аямады.

“Айтпақшы, Лəйла “Балапан” арнасын басқарғанда… деген сияқты өсекті де оқыдым. Меніңше, ол əңгіменің бəрі тапсырыспен, қасақана қаралау мақсатында жазылған. Өйткені, Қайраттың жақын досы ретінде “Балапан” арнасынан өз басым бір жоба алған емеспін. Достық қарым-қатынасымызды сол күйі сақтаппыз.

https://kaz.365info.kz/mynau-ne-symdykh-lajla-syltankhyzy-altynaj-zhorabaevany-aldap-sokhty-287358

Сөз соңында, жала жабушыларға айтарым: алдымен өзің туған ауылың үшін не істедің? Лəйла істеген мың қайырымдылықтың біреуін жасай алдың ба?”,

– деп ағынан жарылды Тоқтар Жақаш.

Жазбаны оқығаннан соң желі қолданушыларының ойы сан тарапқа бөлініп кетті. Бірі журналист жазбасынан соң, Ләйлә Сұлтанқызына деген көзқарасының өзгергендігін мәлімдесе, бірі автормен келіспейтіндігін жеткізіп жатты.

Журналистік жолында біраз дәрежеге жеткен Ләйлә Сұлтанқызы туралы әркімнің шындығы әртүрлі. Бірақ, әр пікірге көз жұма қараған Сұлтанқызының өз шындығы бар шығар…

Тақырып VK-дағы «Атамның басы-ай» тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз