Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жолдасыма тоқал алуға өзім рұқсат бердім

Негізі көп ішімдікке де жоқ. Бірақ жолдасымыз немересінің шілдеханасын жасағанда қатты ішті. Шыны керек алып бара жатқан күйігі жоқ. Қыздарым тәртіпті, мектепті жақсы оқып, университет пен магистратураны да жақсы бітіріп, өз салаларында жақсы маман болып жүр. Бірақ жасы елуге келгенше артында із қалмауына қайғыратындай көрінді. Бірақ мінезінің жұмсақтығынан сонысын маған ашып айта алмай жүргендей. Сонымен не керек, сол күйігі ішкілікке салдырмай тұрғанда тоқал алып беруге бел байладым. Ашық сөзге де тарттым. Алғашында «бой жетіп қалған қыздарымнан ұят» дегенмен, кейін ойымды мақұлдайтынын жеткізді. Өзім бастап тоқал туралы ұсыныс айтқанда мұндай қиналмап едім, жолдасымның тоқал алуды мақұлдайтынын білдіргенде қатты қиналдым.

Жыладым да, ашумен бір ұлды қимаған құдайға да тілім тиді. Қанша жерден қимасам да ең алдымен өзімді көндірдім. Одан кейін қыздарыма жұқалап жеткіздім. Кіші қызы қанша айтқанмен кенжелікпен ерке болып қалған біраз бұртаңдады. Одан мені аяды ма құшақтап жылап, біраз қиналып жүрді. Ақырында көндікті.

Көп ұзамай араға жолдастары түсіп жүріп, мектепте мұғалім болып жүрген 33 тегі тұрмысқа шықпаған қызбен келістіріпті деп естідім. Алғашында алдымда кінәлі сезіне ме, жолдасым білдіртпеуге тырысып, көзін төмен сала беретін. Мен де ол үйге қонбаған күні түнімен жылап ұйықтамай шығатынмын. Талай рет түннің ортасында ұйқымнан тұрып алып жыладым. Есімді жия алмай біраз жүрдім.

Уақыт бәрін өзі емдейді екен. Екі жыл болды жолдасым тоқалынан ұлды болды. Қазір үйге өте сирек келеді. Айына бір-екі рет келіп, жағдайымызды біліп тұрады, қызына ақша беретін көрінеді. Ұлын атына жаздыру үшін некелері заңды болуы керектігін айтып, заңды түрде ажырастық. Қанша өкпем жоқ дегенмен кейде ұл асырап алуға келісім бермеген күйеуімді кіналап жылап аламын. Ең кіші қызым екеуіміз тұрып жатырмыз. Қызым да әкесіне өкпелі ме, «сізді ешқайда тастамаймын, тұрмысқа шықсам да бірге тұрамыз, кез келген үйдің ер баласынан артық бағамын» деп қояды. Бірақ әйел ретінде өзімді тастанды сезінемін. Қанша жолдасымды кешіруге, түсінуге тырыссамда жеке басының қызығын ойлағаны, бір ұл деп үш қызы мен мені тәрк еткені жаныма батады. Қартайып тұрғам жоқ елуден енді астым. Поштада қызмет етемін. Бірақ күйеуім кеткелі қатты қартайып кеткенімді сеземін. Бәлкім менің де маңдайыма жазылған тағдыр осы шығар.

Әсима, Ақтөбе облысы

Дереккөз: alashainasy.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз