Әлеуметтік желі қолданушысы режиссер Ермек Тұрсынов пен қазақтың қалталы азаматтары арасындағы байланыс туралы қызық мәлімет келтірді.
Бұл туралы экономика маманы Меруерт Махмұтова Фейсбуктегі жеке парақшасында жазыпты.
„Мына бір қызық заңдылықты қараңызшы.
Тұрсыновты қалай біреу қаржыландырады, солай ол адамның басы дауға қалады. Осымен үшінші адам сотты боп жатыр. Біреуі сыра „патшасы„ Төлешов, тағы біреуі кеден ісі бойынша сотталды, аты-жөнін ұмытып қаппын. Енді, міне мына кісі…
https://kaz.365info.kz/t-rsynov-o-ba-an-kelin-filminde-basty-r-ldi-ojna-an-aktrisa-rezhisserdi-betperdesin-ashty-245673
Содан ойланып отырмын. Соған жоласа болды… Себебі қайда, салдары қайда? Әлде бұл кездейсоқтық па?..
Тұрсыновты осындай күмәнді тұлғалар қаржыландырады ма немесе Тұрсыновтың өзі басқаларға жаман әсер етеді ме?„
– делінеді жазбада.
https://kaz.365info.kz/al-kerek-bolsa-tanymal-aza-stan-aruy-atyshuly-t-leshovty-to-aly-bol-an-foto-226982
Айта кетелік, Ермек Тұрсынов бір сұқбатында шымкенттік олигарх Тоқтар Төлешовпен жақсы таныс екенін айтқан. 2005 жылы ол Тоқтар Төлешов түсірген киноның сценариін жазып берген.