Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жол көлік ережесін өрескел бұзған жүргізушінің көлігінен есірткі мен суық қару табылды

101

Алайда көлік тізгіндеген жүргізуші тәртіп сақшыларынан қашуға талпынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ПД мәліметінше, күдіктіні ұстау шарасы 5 қараша күні болған. Тәртіпке бағынғысы келмеген жүргізуші бағдаршамның қызыл түсінен өтіп, кейіннен көлігін тастай салып қашқан. Алайда көп ұзамай полицейлердің қолына түсті.

Тексеру барысында оның Түркістан қаласының тұрғыны екені және мас күйінше рөлге отырғаны анықталды. Көлігін тексеру барысында аңшы мылтығы мен сіріңке қорапшасына салынған марихуанаға ұқсас есірткі шөбі табылды.

«Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 287 («Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру») және 296 («Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу») баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сезікті уақытша тергеу абақтысына қамауға алынып, өз қылмысын толық мойындады. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Полицейлер қолға түскен тұрғынның суық қаруды қандай мақсатта алып жүргенін анықтап жатыр» делінген хабарламада.

Мас күйінде рөлге отырған жүргізушінің көлігінен есірткі мен суық қару табылды.

Ұсталған тұрғын сондай-ақ жол ережесін өрескел бұзып, бағдаршамның қызыл түсіне өткені, көлігін тоқтату туралы полиция қызметкерінің айтқанына бағынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз