Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жол апатына түскен сүйіктісін тастамай, аяқтан тұрғызған жігітке жұрт сүйсінді (фото)

378

“Шынайы махаббатқа тек әйелдер қауымы сенеді – еркектердің идеологиясы. Ал бізде сол баяғы сасық кеуде, керме көкірек. Мен де сондай едім. Жанболат деген жігітпен танысқалы бұл ойым 360 градусқа өзгерді. Неге дейсіздер ме?

Себебі Жанболат сүйгені үшін соңғысын беретін бала. Өткен жылы бұл жігіттің жүріп жүрген сұлуы Фариза жол көлік апатына ұшырап, өлім аузынан қалған еді.

7 күн “комада” болған Фаризаның айығып кететініне ешкім де сенбепті. Тек Жанболаттың жүрегінде ғана жалыны сөніп бара жатқан үкілі үміт қалған. Досымның тілегі Аллаға жетіп, Фариза өмірге қайта оралды”, – деп жазбаны бастаған белгілі рэпер.

Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

Сондай-ақ ол онда Фаризаның тіпті, Жанболатты үш ай бойы танымаған сәттерін еске алды.

“5 мəрте ота жасалса да, Фариза Жанболатты 3 ай бойы танымапты.

Оған да мойымаған досым қызметін тастап, ауруханада түнеді. 

Мойындау керек, сынақта сынбады, Фариза ауырса құлады, бірге жылады. Шын айтамын, өзім көрдім. Міне, содан бері Жанболат пен Фаризаның жұбы жазылмай келе жатыр. Өткен жылы заңды некеге тұрып, той жасады”, – деп жалғастырады рэпер.

Рэпер сонымен қатар “әйелдерге қол көтеру – намыссыздықтың белгісі” деп, ер адамдарды жұбайларына лайықты сый-құрмет көрсетуге шақырыпты. 

Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

“Әу, жігіттер! Мойындайықшы, біз де үйдегі қатынымызды сүйеміз, тек айтпаймыз. Бәріміз шынына келгенде жақсымыз. Тек үйде жақсы екенімізді көрсетуден арланамыз. “Ойбай подкаблук емеспін” деп намыстанып қоямыз. Сонда сүйем деп үйленген əйелімізді құрметтеу ұят дүние ме не? Жоқ! Əйелді сабау немесе оған себепсіз дауыс көтеру – намыссыздық деген осы.

Бізді құртатын өзімшілдік. Əйеліміз ауырса, далаға қашамыз. Дәрі алатын ақшаны далаға шашамыз. Постаянно бір “косяк” істеп жүреміз. Осыны жасамай-ақ жүріп көрсек қалай болады екен өзі? Бір апта шыдап көрейік. Жаман болмаспыз. Жаман болып кетсең менің бетіме келіп түкіріп кет!”, – деп жазбаны аяқтаған екен рэпер. 

Фото: Жан Ахмадиветің instagram парақшасынан алынды

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз