Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
10
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Жоғары сот: сот шешімі түсінікті тілде жазылуы керек

Мынау азаматтық істер бойынша сот шешімі қабылданады. Сол сот шешімдері қандай болуы керек, сол жөнінде бірнеше талап қойдық, нормативтік қаулы қабылданған. Мысалы, мазмұны бойынша соттың шешімі оңай, жеңіл, түсінікті тілмен жазылсын деп шешім қабылдадық. Сосын, мысалы, арыз иесінің әр уәжіне нөмірлеп тұрып сот шешімінде соларға жауап беруіміз міндетті деп шештік.

Сонымен қатар, біздің заң терминдеріміз көп. Оны қарапайым адам түсіне бермейді. Оны біз сот шешімдерінде пайдалануға міндеттіміз. Біз оны пайдаланғанда қарапайым тілге аударуды талап еттік. Бұл мазмұны бойынша», – деді жоғарғы сот төрағасы.

Сонымен қатар, Асановтың айтуынша, азаматтық істер бойынша шешім құрылымы да бірқатар өзгертулерді талап етті. Себебі, шешімдерде «барлығы араласып кеткен, шешімдердің көлемі үлкен, бір керек нәрсені оның ішінен табу көп жағдайда мүмкін емес, қиын».

«Сол себепті біз мынандай талап қойдық. Әрбір шешімнің логикалық құрылымы болуы тиіс. Сосын, үшінші жағынан, техникалық тұрғыдан ешқандай талап жоқ. Сол себепті шешімдерде не абзац, не аралық жоқ, көп жағдайда майда қаріппен жазылады, адамдар оны түсінбейді, оқи алмайды, адамның көзі ауырады.

Сондықтан, техникалық талап та қаулыда қарастырылды. Бұл азаматтық істер бойынша. Ол 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Оған дейін төрт жарым ай бар. Осы уақыт ішінде біз аудандық, қалалық судьяларды осыған үйрету керекпіз. Қалай жазу керек, қалай сөйлеу керек, риторикаға. Мұның барлығын біз жоғарғы оқу орнында үйренбегенбіз, бірақ бұл бізге қажет нәрселер.

Егер, қабылданған нормативтік қаулыны орындайтын болсақ, осыны қолға алу керекпіз. Қылмыстық істер бойынша үкім қабылданады, әкімшілік істер бойынша қаулы қабылданады. Ал үкім мен қаулылар бойынша ұқсас проблемалар өте көп. Бүгін біз тиісінше талқылау жүргізіп, жан-жақты қараймыз, пікірлер тыңдалып, тиісті нормативтік қаулы қабылданады», – деді сот төрағасы.

Дерек көз:Baq.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз