Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жоғары білімнің құрбандары: жабылып жатқан жеке оқу орындарының түлектеріне кім көмектеседі?

409
gorod-plus.tv сайтының фондық суреті

20 жыл бұрын Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің реформалары «нәтижесін» көрсете бастады. 90-шы жылдардың ортасында Мемлекет  ЖОО ашуға берілетін лицензияны оңды-солды таратты. Осылайша, пәтерлерді жалға алған, білім деңгейі күмәнді, мемлекеттік үлгідегі диплом беретін жүздеген бір күндік институт пайда болды. Алайда барлығы бірдей бүгінгі күнге жете алған жоқ.

Жарқ етіп, жоқ болған ЖОО-лар

Білім және ғылым министрлігі жағдай бақылаудан шығып кеткенін түсініп,  барлығын бақылауына алды. Аккредиттеу және аттестаттау елеуішінен тек ең мықтылар ғана өте алды. Басқаларын біріктіруге тура келді.

Бірақ ондаған ЖОО із-түссіз жоғалып кетті, олардан  естелік ретінде  диплом ғана қалды. Кейбіреулер тіпті өз студенттерінің  мұрағат құжатарын құзыретті органдарға тапсыруға да шамасы келмеген

20 жылдан кейін сол кездегі түлектер  оқу фактісін растап немесе жоғалған дипломдарын қалпына келтіру қажет болғанда үлкен мәселенің беті ашылды.  Алайда,

жоғары оқу орындары жабылып, ал құжаттарының еш жерде жоқ екені анықталды. Демек,  кенеттен дипломдарының күші жойылғаны ма?

Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов мұндай түлектерге бірнеше рет көмектесуге тура келетінін айтады. Бірақ бұл ойлағаннан да әлдеқайда қиын болған.

— 2000 жылдардың басында жоғары оқу орындары жаппай жабыла бастаған кезде, біз олардың құжаттарды мұрағатқа тапсыруын бақылау керек деп айттық, — дейді Алшанов. — Кейбір ЖОО-да студенттер де аяқталмаған жоғары біліммен қалды. Енді қандай шара қолдану керегі беймәлім. Жоғары оқу орындары жабылды, олардан ешқандай із: оқуға қабылдау туралы бұйрық та, студенттер тізімі де, ештеңе қалған жоқ.

Уақыт өткен сайын былықтың беті ашылуда

— Бұл құжаттар қайда кетті?

— Барлығы басшылыққа байланысты болды. Кейбіреулері ғимараттарды босатқанда, мұрағаттарды сол жерде қалдырып кете барды. Басқалары мүлдем қоқысқа тастады. Жалпы, нағыз бейберекетсіздік орын алды. Тіпті бұл жоғары оқу орындарының атауы ешкімнің есінде де жоқ.

Ең дұрысы, министрлік мемлекеттік үлгідегі дипломдар алған студенттердің құжатын кім, қандай жағдайда жоғалтқанына және олардың неге жазасыз қалғанына тергеу жүргізуі тиіс

— Мұрағат құжаттары жоғалды, енді не істеу керек?

— Басқа ЖОО-ға түсіп, оны аяқтағаннан басқа амал жоқ. Бірақ бұл үшін қаншама қаржы мен уақыт қажет. Министрліктің бір кездері ЖОО ашуға лицензия таратып, кейін оны тартып алғанына студенттердің кінәсі жоқ.

— Сонда қанша ЖОО жабылып қалды? Жоғары білімін растай алмай жүрген, осы жағдайға тап болған студенттердің саны қанша?

—  Сол кезде филиалдар танымал болды, Қазақстанда олардың саны 300-ден асып кеткен еді. Кейін оларды материалдық-техникалық жабдықталуына, профессор-оқытушылар құрамына және т.б. сәйкес келуі үшін ЖОО-мен біріктірді. Филиалдарда оқитын студенттер мен түлектердің мұрағатпен байланысты барлық мәселесі реттелді. Бірақ ондаған шағын ЖОО жай ғана жабылып, олармен бірге барлық құжаттары да жоғалып кетті. Менің ойымша,  жүздеген түлек туралы сөз болып отыр.

ЖОО-ның ішіндегі ЖОО

Жабылып қалған әлемдік әдебиет және журналистика жекеменшік университетінің түлегі  тап болған оқиға осы жағдайдың тамаша мысал бола алады. Қыз Қазақстаннан Ресейге көшіп кетіп, Мемлекеттік қызметке орналасты. Жұмыс беруші дипломының заңдылығын  тексеру туралы шешім қабылдаған сәтте алған қызыл диплом туралы бірде-бір мұрағатта мәлімет жоқ екені анықталды. Ал Білім министрлігі дипломның түпнұсқалығын ғана растады.

Бұл Әлемдік әдебиет және журналистика университеті 2003 жылы жабылып қалды. Оның соңғы ректоры Баян Жолдасбекова болды. Еңбек сіңірген ғылым қайраткері, профессор, ҚазМУ-дың бұрынғы ректоры Өмірбек Жолдасбековтың және әдебиеттанушы Мая Бағызбаеваның қызы.

Бұның танымал ғалым туралы естелікке көрсетілген құрмет белгісі болды ма, жоқ па белгісіз, бірақ Мая Михайловна ҚазМУ-дың ғимаратының ішінен жеке университет ашып алған

Ол өмірден өткеннен кейін университетті  Баян Жолдасбекова 2003 жылдың наурыз айына дейін басқарды. Қазірде Баян Өмірбекова ҚазҰУ-дің бір кафедрасының басшысы. Біз одан Университет құжаттарының тағдырына қатысты білмек болған едік, нәтиже болмады.

Баян Жолдасбекова,  vecher.kz сайтынан алынған сурет

Ол біздің журналистпен сөйлескен жоқ. Бірақ бұрынғы жоғары оқу орнының мұрағаттарын қайдан іздеу керектігін айтты. Қонаев атындағы Еуразия заң академиясында екен. Әлемдік әдебиет және журналистика университетінің құқықтық мұрагері дәл осы ЖОО болды. Академиядағылар редакцияның көтерген мәселесіне қатысты таңданыстарын жеткізді.

Біз сөйлескен қызметкерлердің ешқайсысы академияның басқа ЖОО-ны жұтқаны туралы тарихын естімеген

Мұрағатты әлемдік әдебиет және журналистика университетінің студенттерінің мұрағат құжаттарының тапсырылғанын жоққа шығарады.

Бірақ бұл ақпарат рас болуы мүмкін. Баян Жолдасбекова университеті жабылғаннан кейін сол Қонаев атындағы академияға проректор болып ауысты. Онда төрт жыл жұмыс істеді.

Мұрағат құжаттарын іздеп жүрген ондаған студентке бұның қандай да бір пайдасы бола ма? Жоқ. Бұрындары-жабылып қалған, біреудің бизнесіне айналған жоғары оқу орындарының студенттері алданып қалды. Білім және ғылым министрлігі 20 жыл бұрынғы оқиғаларға қайта оралып, ревизия жүргізіп, өз қателіктерін жоятын уақыт келген жоқ па?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз