ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сот судьяларын сайлау үшін дауыс берілді.
Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Жоғары сот судьясы қызметіне Гүлмира Жүсіпбекова мен Асқаржан Кенжеғарин сайланды.
Асқаржан Қапезұлы Кенжеғарин 1963 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі бар. Өзінің еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1989 жылы Шұбартау аудандық нотариаттық кеңсесінің нотариусы лауазымынан бастаған.
Гүлмира Қоқанқызы Жүсіпбекова 1967 жылы өмірге келген, жоғары заңгерлік білімі бар. 1989 жылы Қостанай облысы Амангелді нотариалдық кеңсесінің нотариусында заңгер мамандығы бойынша еңбек жолын бастады.
1992 жылдан 1996 жылға дейін Торғай облыстық адвокаттар алқасы аудандық заң консультациясының адвокаты, меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары Торғай облыстық сотының судьясы. 1997-1998 жылдары Ақмола облыстық сотының судьясы. 1998 жылғы қазанда Астана қаласы сотының судьясы болып тағайындалды.
Ашық дауыс беру арқылы сенаторлар бірауыздан ұсынылған кадидатураларды қолдады. Осыдан кейін аталған судьялардың ант қабылдау рәсімі өтті.