Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Жоғалып табылған ақтөбелік ер адам құлдыққа қалай түскенін айтып берді

«2017 жылдың мамырында Кеңқияқ ауылындағы шаруашылық иесі Қанат Базарғалиев алып кетті. «Мал бағасың, 30 мың теңге жалақы беремін», – деді. Ол жақта қой, ірі қара мал бағып, жылқы қарадым. Алайда ол уәдесінде тұрмай, маған жалақы бермеді. Кейде «малды дұрыс бақпадың» деп ұрысатын. Тіпті, анда-санда келіп ұрып кететінді шығарды. Мен қанша кетуге оқталып, қашып кеткеніммен, ол мені тауып алатын. Алып келіп, қайта жұмысқа салды», – деді Жангелді Міржақып.

Отбасын құрмаған Жангелді Міржақып ағаларының жанында тұратын. Ол 11 ай бұрын жоғалып кеткен еді. Мұнан кейін іздестіріліп, ішкі істер органдарының жоғалғандар тізіміне қойылды. Қазіргі уақытта бауырымен қауышқан отбасы енді облыстық прокуратураға арыз жазуға ниеттеніп отыр.

«Адамды он бір ай азаптау дұрыс па? Біз бауырымыз жоғалып кетті деп іздеу жарияладық. Суретін көшеге іліп, жан-жаққа жеткіздік, ауылға қайта-қайта хабар бердік. Амалымыз таусылғандықтан, көріпкелдерге де бардық. Олар бір-екі айда хабары болатынын айтты. Соған қуанып, күтіп жүрдік. Бір күні түнгі уақытта Зауыт полиция бөлімінің қызметкерлері бауырымыздың суретін жіберді. «Іздеп жүргендергіңіз осы адам ба?» – деп сұрады. Біз туыстарымызға хабарладық. Сол хабардан ұйықтай алмадық», – дейді ағасы Қазбек Міржақып.

1 жыл бұрын жоғалып табылған ақтөбелік ер адам құлдыққа қалай түскенін айтып берді

Артынша Жангелді Міржақыптың отбасы ішкі істер бөліміне барған. Ол жерден бауырларын үйіне алып келіпті. Мұнан кейін оны дәрігерлерге қаратқан. Құлдықта жүріп алған жарақаттарын растайтын құжаттарды рәсімдеген екен.

Ал полиция қызметкерлері Жангелді Міржақыптың ауылда мал бағып жүргенінен хабарсыз болған. Ер адам бірде қойды қозысына қоса алмаған. Оған ашуланған шаруашылық иесі оны тағы да соққыға жығыпты. Осы кезде сол жерде сауыншы болып жұмыс істейтін ауыл тұрғыны полицияға хабар береді.

Оқиға орнына жеткен полицейлер Жангелді Міржақыпты алып кеткен. Артынша аудан орталығына ол туралы хабар берген. Сол кезде ғана ер адамның іздеуде екені анықталған.

«Біздің ойымызша, адамды мәжбүлеп құлдықта ұстап, мал баққызып, жалақысын бермей қойға шаруашылық иесі жауапкершілікке тартылуы тиіс. Осы себепті облыстық прокуратураға арыз жаздық», – дейді Қазбек Міржақып.

Ал Темір аудандық прокуроры Нұрдәулет Сұлтанов құлдықта болған Жангелді Міржақыптың қосымша түсініктеме бергенін растады. Ал Ақтөбе облыстық прокуратурасы ер адамның арызын қабылдады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз