Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
7
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Шымкентте жоғалған келіншекті өлтірді деген күдікті ұсталды

Естеріңізге салсақ, 5 мамыр күні полиция бөліміне Шымкент қаласының 39 жастағы жергілікті тұрғыны өзінің әйелі 1983 жылы туылған Ольга Новикованың үйінен шығып, қайта оралмай, із-түссіз жоғалғаны туралы арызданған болатын.

Бір апта өткен соң, 11 мамырда Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен жас әйелдің өлі денесін тапқан. Анықталғандай, ол із-түссіз жоғалған Ольга Новикованың денесі болып шығады.

Сараптама нәтижесінде, азаматшаның жабық түрдегі бас сүйек-ми жарақатын алғаны анықталды. Аталған оқиға бойынша, «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

11 (1)
Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің қызметкерлері жедел іздестіру шарасын жүргізу барысында, аталған қылмысқа қытысы бар деген күдікпен 1973 жылғы жергілікті тұрғынды құрықтады.

Алдын ала дерек бойынша, қылмыстың орын алуына арада болған ұрыс себеп болған. Ер азамат жәбірленушінің ақшасын және өзге де бағалы заттарын алып, оқиға орнынан ізін суытқан.

Қазіргі таңда күдіктінің үстінен ҚР ҚК «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, УҰИ-на қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз