Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Мынау не дейді?”. Жириновский тағы да аузына келгенді айтты

2853

Онымен бірге мемлекеттік думаның 20 депутаты барған.

Владимир Жириновский таяу уақытта ЛДПР думаға “Ресей аумағында Тәжікстан азаматтарының ерекше мәртебесі жөніндегі” заң жобасын ұсынатынын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Тәжікстанда жұмыс күші көп, ал Ресейде ақша көп, екі ел осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалану керек.

“Біз Душанбеде болашақ еңбек мигранттарына арналған арнайы мектеп салуды жөн көрдік. Бұл мектепте тәжік жастары орыс тілін және арнайы мамандықты игеретін болады. Кейін кез келген жұмысқа орналаса алады”, – деді Жириновский.

Ресей саясаткері әлі де Ресейдің Ортаазиялық федералды округы құрылу керек деген пікірде. Оның астанасы – Алматы болу керек дейді.

Оған Орталық Азия елдері ерікті түрде қосылу керек деп есептейді.

“Қытаймен, Еуропалық одақпен, Ресеймен  бәсекелес болу үшін, мұндай құрылым құру маңызды”, – дейді саясаткер.

Сондай-ақ Владимир Жириновский Мәскеуге оралған соң, Федералды қауіпсіздік қызметіне Тәжікстанның Ауғанстамен шекаралас аймағына 2-3 километр “өлі зона” салуға өтініш жасаймын дейді.

“Осыдан кейін бірде-бір террорист, контрабандист шекараны бұза алмайды”,- деген сенімде саясаткер.

Дереккөз: centralasian.org 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз