Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Жігіттер” тобының әншісі Айдар Тұрғанбек бес жылдан соң алғаш рет әке атанды

510

Айдар жұбайы екеуінің сәбилі болуын бес жыл күтіп, медицинадан көмек болмаған соң, Алладан дұға тілеп, төрт рет Кіші қажылыққа барғанын жеткізді.

“Мен төрт рет Кіші қажылыққа ұрпақ сұрауға бардым. Бес жыл деген түсінген адамға аз уақыт емес. Өзімде жас емеспін, 33-ке келдім. Бірінші рет жалғыз бардым, одан кейін әйелім екеуміз бардық. Әрбір істе жақсылық бар ғой. Бұл уақыттың ішінде Алладан көп сұрадық. Бізге жақсы бір кісі демеушілік жасап, қажылыққа жіберетін болды. Бірақ, тура ұшуымызға бір апта қалғанда жарымның жүкті екенін білдік. Осылайша жарым бара алмай, бірақ өзім қуанышым қойныма сыймай қажылыққа кеттім”,-дейді ол.

Айдар бес жыл ішінде жұбайы екеуінің қаралмаған дәрігері қалмағанын, соңында тек жаратушыдан дұға сұрап, сәбилі болғандарын айтады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз