Болашағынан зор үміт күттірген талантты волейболшы қыз 16 жасында көз жұмды.
Перу халқы Алессандра Чокано Риос есімді жас спортшысынан айырылып қалды,деп хабарлайды World of Volley.
Мамандар воллейболдан Перудің 18 жасқа дейінгі ұлттық құрамасының орталық ойыншысының ажалы нақты не себептен болғанын айтпай отыр.
Ал жатарда, түнде өзінің жүріп жүрген жігітімен бір бөлмеде оңаша қалып түнеген екен.
Таң атпай жігіті Алессандра есінен танып жатыр деп жанұшыра көмек сұраған. Жаңағы жігіт пен ұлттық құрамада Чоканомен бірге ойнайтын құрбысы Кьяра Монтес екеуі ессіз жатқан қызды ауруханаға жеткізеді.
Бірақ дәрігерлер қыздың өмірін сақтай алмай қалыпты.
Алессандра Чокано Риос. Фото: worldofvolley.com