Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Жезқазғанда өртенген автобустың кондукторы көз жұмды

Ал автобус жүргізушісі де қазір  жан сақтау бөлімінде жатыр, оның денесінің 35%-ін күйік шалған.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның берген мәліметтеріне қарағанда, жалын құшағында қалған жүргізуші мен кондукторды сол маңнан өтіп жатқан дәрігер өз көлігімен ауруханаға жеткізген.

Еске сала кетейік, Жезқазғанда «ПАЗ» автобусын жөндеп жатқанда өрт шығып, 1994 және 1995 жылы туған жүргізуші мен кондукторды қатты күйік шалған болатын.

«Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ зертханасының сарапшылары өрттің себептерін анықтауда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз