Жезқазған маңында зымыран қирандысы құлаған жерде бір адам күйік шалып, қаза тапты.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
“Оқиға орнында (РФ “Машиностроение” ғылыми өндірістік бірлестігі” әскери өндірістік корпорациясы АҚ №1 Базасының) ресейлік құтқару қызметтің 5 дана техникасы жұмыс істеп жатыр, тағы 3 дана техника тартылады, қосымша көмек қажет емес”, – делінген хабарламада.
Өртті сөндіру кезінде екі адам зардап шеккен, біреуі көз жұмса, екіншісі ауруханаға жеткізілді.
“Талап ауылынан 16 шақырым жерде Жезқазған – Қызылорда тасжолының оңтүстігінде 15 шақырымға созылған жердің өртеніп жатқаны анықталды, тасжолдың бойында қою түтін шықты, өрттің аумағы белгісіз болды, оңтүстік-батыстан соққан желдің өті секундына 15-20 метрге жеткен. Кейін жоспарлы түрде сөндіру бойынша шаралар қабылданды.
Өрттің салдарынан зымыран тасығыштарының бөліктерін жинастырып жүрген 1964 жылғы азамат күйік шалып, қаза тапты, тағы бір 1968 жылғы азамат ауруханаға жеткізілген.
Өртті сөндіруге 61 адам және техниканың 22 данасы жұмылдырылған. Осылайша өрт 03.31-де сөндірілген. Мессенджерлерде зымыран тасығыштың ажыратылған бөлігінде гептил бар деген мәлімет расталмады”, – деді Руслан Иманқұлов.
https://www.youtube.com/watch?v=elmIn4oEoos
https://www.youtube.com/watch?v=UPt2lxYiINM