Жезқазғанда 68 жастағы әжей немересімен бірге балконда құлттанып қалған. ТЖМ мәліметінше, Жезқазған қаласының көпқабатты тұрғын үйлерінің бірінің балконында 1956 жылы туған әйел адам немересімен қамалып қалып, құтқарушылардан көмек сұрады.
«Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 3-қабаттың балконынан 2-қабаттың балконына альпинистік жабдықтың көмегімен кіріп, есікті ашуға көмектесті.Құтқару операциясының нәтижесінде ешкім зардап шеккен жоқ», – делінген ақпаратта.