Астанаға Жетісайдан жеткізілген 35 қарбыздардың улы екені анықталды. Қарбыздарды тексерген мамандар жаға ұстады.
Бұл туралы желіде видео тарап жатыр. Мамандар қарбыздарды сатуға тыйым салды. Сатушылар қарбыздың ОҚО-на қарасты Жетісай қаласына жақын жердегі Шаблан Ділдәбеков ауылынан жеткізілгенін айтып жатыр. Дәрігерлер бұл қарбыздарды тіпті малға да беруге болмайтынын ескертті. Сатушылар 35 мың қарбызды текке алғанын айтып өкініш білдіруде.
Дереккөз: stan.kz