Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жеті және одан көпбалалы отбасыларға жаңа жәрдемақы енгізіледі

177

“Қазіргі уақытта 7 баладан әрі қарай біркелкі мөлшерде жәрдемақы жоқ. Сондықтан енді 8 және одан да көп балалы отбасыларға да біркелкі жәрдемақы беру қарастырылып отыр. Мысалы,

8 балаға 85 мың теңге, 10 бала 106 мың теңге, 15 балаға 159 мың теңге төленеді”,

– деді министр.

Министр елімізде көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан, балалар санынан сараланған жәрдемақы енгізілгенін еске салды. Оның айтуынша, бүгінде 370 мың отбасы осы жәрдемақыны алып отыр.

“Биыл ана мен баланы қолдауға 559 миллиард теңге бөлінді. Дегенмен көпбалалы отбасыларды қолдау көлемін әлі де көбейту керек деп ойлаймыз. Жәрдемақының түрлері мен оны төлеудің мерзімін де ұлғайтуды қарастырып отырмыз”, – деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Сонымен қатар, алқа отырысында Біржан Нұрымбетов

бала күтімі бойынша жәрдемақыны төлеу мерзімін 3 жылға дейін ұлғайту нұсқасы қарастырылып жатқанын

атап өтті.

«2019 жылы ана мен баланы қолдауға бюджеттен және МӘСҚ-дан 372,4 млрд теңге бөлінді. 2020 жылға осы мақсаттарға 558,5 миллиард теңге қарастырылған. Бүгін біз бала күтімі бойынша жәрдемақы мәселесін көтеріп жатырмыз. Біз оны төлеу мерзімін 1,5 немесе 3 жылға дейін ұлғайту нұсқаларын қарастырудамыз. Табысы аз отбасылардағы мектепке бармайтын мүгедек балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтаманы үйіне жеткізу мүмкіндігі қарастырылатын болады», – деп келтірді Біржан Нұрымбетовтың сөзін Inform.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз