Бүгін – 1-қыркүйекте, Жерге «Флоренс» астероиды жақындай түспек. Оның диаметрі шамамен 4,4 шақырымды құрайды, бұл салыстырмалы түрде шағын қаланың диаметріне тең.
Аспан денесі Жер шарынан 7 млн шақырым қашықтықта ұшып өтеді, бұл ғарыштық өлшеммен алғанда өте жақын қашықтық болып саналады деп хабарлады ҚазАқпарат.
— Жер шарына бұдан да жақын қашықтықта ұшып өткен көптеген астероидтар болды, бірақ олардың көлемдері «Флоренс»-пен салыстырғанда шағын болатын, – деп мәлімдеді зертхана мамандары. — NASA-ның астероидтарды бақылау жөніндегі бағдарламасы іске қосылғаннан бері бұл Жер шарына осындай ірі көлемді астероидтың жақын келуі алғаш рет болып отыр.
Заманауи телескоптар астероидтардың беткі қабатын түсіруге мүмкіндік береді, соның арқасында ондағы объектілерді 10 метр шамасында үлкейтіп көрсетуге болады. «Флоренс» астероидының Жер шарына келесі жақын келуі шамамен 500 жылдан кейін қайталануы мүмкін.
Астероидты телескоптың көмегімен бақылауға болады. Ол аспанда Оңтүстік Балық, Суқұйғыш, Тауешкі және Дельфин шоқжұлдыздары арқылы өтетін болады.