Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-13
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Жер мәселесін шешу – мемлекеттің стратегиялық міндеті

302

2021 жылғы 31-желтоқсанда шетелдік азаматтар мен компанияларға ауыл шаруашылығы жерлерін меншікке және жалға беруге мораторий аяқталады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жарлығымен әлеуетті жалға алушылармен және ауыл шаруашылығы алқаптарының меншік иелерімен жер қатынастарын одан әрі заңнамалық деңгейде бекітуді тапсырды.

2021 жылғы наурызда Үкімет қаулысымен жер реформалары жөніндегі комиссияның құрамы бекітілді, олар кейіннен жер туралы заңның бөлігі болып табылатын барлық мәселелерді пысықтауы тиіс.

Нұр-Сұлтандағы өзбек этномәдени орталығының төрағасы, ҚХА ҰЭК мүшесі, ҚР СІМ Қоғамдық кеңесінің мүшесі Шерзод Пулатов елордадағы өзбек этносының өкілі ретінде мемлекет атқарып жатқан жұмысты маңызды әрі уақтылы деп санайды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми сайтында ол жер қатынастары мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген түзетулер қоғамдағы шиеленісті біржолата жоятыны, сондай-ақ мемлекеттің егеменді мүдделерін қорғайтыны туралы өз пікірін білдірді.

“Шынында да, жер мәселесі Қазақстан азаматтарын үнемі алаңдатады”, — деді Пулатов. — “Сондықтан бұл заң жобасын әзірлеудің мәні мен маңызы зор. Заңға сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ тұлғаларға, халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салынады.

Шетелдіктер мен шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялардың бұрын жалға алған ауыл шаруашылығы жерлерінің мерзімдері ұзартылмайды және ол жерлер пайдалану мерзімі біткенге дейін ғана солардың иелігінде болады.

Репатрианттар жеке қосалқы шаруашылық, бағбандық және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін алуға құқылы. Бұл ретте ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға ала болады. Жалпы, бұл бастама әлеуметтік-экономикалық және заң шығару салаларына оңтайлы беталыс енгізеді”.

Екі жақты пайда

Дегенмен, шетелдік инвесторлар үшін берілетін кепілдіктер және көшіп келушілер үшін Қазақстанның тартымдылығы сияқты мәселелер шешілмеген күйінде қалып отыр.

– Шерзод, аграрлық ғалым көп жылдан бері меншік иелері пайдаланбаған қазақстандық жерлердің тозып бара жатқанын және күтімге өте зәру екенін айтып келеді. Олар, егер ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтары алғылары келмесе, уақытша пайдалануға басқаларға беру керек деген пікірде. Сіз олардың пікірімен келіспейсіз бе? Заңға енгізілген түзетулер ауыл шаруашылығына инвестиция салуға дайын әлеуетті инвесторлардан тартып алғандай болмас па екен, бірақ жер бойынша кепілдіктердің болмауы оларда қорқыныш тудырмай ма? 

— Шетелдіктерді қазақстандық ауыл шаруашылығы жерлеріне жұмысқа тартуға болады және тартуымыз керек. Себебі Қазақстанға тән емес, бірақ климатына сәйкес келетін дақылдарды өсіре алатын немесе малдың асыл тұқымдарын өсіре алатын мамандар бар. Олар қазақстандық аграрлармен тәжірибелерімен бөлісе алады.

Мұны жалға алуға және меншік құқығын алуға тыйым салған қазіргі жағдайда қалай істеуге болады? Шетелдік мамандардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру арқылы

Біз мұны басқа салаларда да жасап жатырмыз, ауыл шаруашылығы да шет қалмайды.

Бірақ бұл ауылшаруашылық жерін иелену формасы өте маңызды екенін ұмытпауымыз керек. Бұл мәселеде мен Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытуға шетелдіктердің қатысуы Қазақстан азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан жерін жалға алу немесе меншіктеу жағдайында жүзеге асырылмауын үзілді-кесілді талап етемін.

Ынтымақтастықтың Қазақстан мүдделеріне қайшы келмейтіндей және бұл ретте біздің еліміздің ауыл шаруашылығы жерлерін игергісі келетін шетелдік мамандар үшін тиімді болатындай заңдық үлгісін әзірлеген жөн.

Жалпы, қазақстандықтардың өздерін ауыл шаруашылығымен белсенді түрде айналысуға ынталандыру керек деп санаймын. Әсіресе қазір жұмыс істеп тұрған жер иелерін

Бұл тартымды шарттары бар, грант алудың қандай да бір мемлекеттік бағдарламалары немесе мемлекеттік қолдаудың басқа да түрлері болуы тиіс.

 Жер емес, шарттары тартымды болуы керек

— Қазақстанда ірі алқаптар тиімді фермерлік жұмыстар жүргізуге қолайлы, оларды игеру елдің экономикасы мен жалпы халыққа азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан аса қажет. Бірақ жердің бос жатуы олардың тозуына әкеледі. Мен аграр ғалымдардың осы сақтандыруымен келісемін.

Сондықтан Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмейтіндей, екі тараптың да мүдделерін ескере отырып, шетелдік инвестицияларды тартуға арналған мәміле табуға және жасауға болады

Ол үшін әлемде жұмыс істеп тұрған тәсілдер жеткілікті.

Бір ескеретін тұсы бар. Инвестор – бұл ең алдымен ақша салып, содан кейін пайдасын алуды көздейтін субъект. Шет елдің мүлігіне жеке меншік құқығы инвесторды әрқашан бірінші кезекте қызықтыра қоймайды. Өйткені, бірлескен кәсіпорын шеңберіндегі ынтымақтастық та инвестордың өз мақсаттарына қол жеткізуіне кепілдік береді.

Біріккен Араб Әмірліктерін мысалға келтірейін. Бұл елде шетелдіктер үшін жерге де, мүлікке де меншік құқығы жоқ

Алайда БАӘ ол үшін өзінің инвестициялық тартымдылығын жоғалтқан жоқ. Демек, егер қолайлы инвестициялық климаты бар әлеуетті инвестор пайда табуды емес, мүлікке немесе жерге меншік құқығын бірінші орынға қойса, онда ойлану керек, ол шынымен де инвестор ма? Кім жұмыс істегісі келеді — мүмкіндіктер іздейді, кім істегісі келмейді – себептерін іздейді.

Иммиграцияға арналған Оазис

— Қазақстан республикасы халық санының көбейтуге бағыт алды. Жеке меншікке сатып алған жерге қарапайым үй салу үшін азаматтық алуды жылдар бойы күтуге тура келетін Қазақстанға тұрақты тұруға көшуге ниет білдіретін адамдардың саны қысқармай ма?

– Қазақстан азаматтығын бес жыл бойы елде тұруға арналған ықтиярхатпен тұрақты тұрған адамдар алады. Қазақстан азаматымен некеге тұрғандар үшін мерзім үш жылға дейін қысқартылады. Қазақстан азаматтығын алуда ешқандай қиындық жоқ.

Бес жылдық мерзім қазақстандық төлқұжат алуға ниет білдірушілер үшін оны теріс фактор ретінде мысалға келтіретіндей соншалықты ұзақ уақыт емес

Мысал ретінде сол араб елдерінде азаматтық алуды қарастырыңыз. Өйткені, егер адам қандай да бір көрнекті тұлға болмаса, ол елде азаматтық алу мүлде мүмкін емес. Ең  максимум дегенде тұруға рұқсаттама ала аласың. Ол құжатпен сіз тек жалға алынған тұрғын үйде ғана тұра аласыз. Осындай қатал шарттарға қарамастан, адамдар араб елдеріне тұруға барып жатыр. Сондықтан Қазақстанда бизнесті жүргізу және тұрақты тұру үшін көшуге өте қолайлы жағдайлар жасалған.

Ең алдымен ұлттық қауіпсіздік

– 2016 жылы республикада өзекті болған жер мәселесін көптеген сарапшылар әуел бастан көрші елдердің әсерінен егемендігін жоғалту төңірегінде саясаттандырылған мәселе деп атады. Сіз бұл теориямен келісесіз бе? Жер заңнамасына енгізілетін түзетулердің қазіргі үлгісі болашақта қиындық туындамау үшін елге өзінің ұлттық мүдделерін қорғауға қажетті рецепт бола ала ма?

— Біздің тәуелсіздігіміз қазақстандықтар үшін қасиетті ұғым және талқылауға жатпайды. Алайда аумақты қорғау шаралары қажет. Ұлттық мүдделерін негізге ала отырып, әр мемлекет өз игілігіне билік етуге ерікті түрде құқылы.

Шетелдіктер үшін мүлік пен жерге меншік құқығы жоқ әлемнің кез-келген елінде бұл мәселені шетелдік азаматтар тіпті де талқыламайды

Сақтық шаралары ешқашан артық болмайды. Алайда, жер мәселесінде инвесторлардың мүдделерін қорғау мақсатында мемлекеттік билік органдары олармен түсінікті, болжамды және ашық диалог құра алуы тиіс деп санаймын. Екі тарап үшін де кепілдіксіз ынтымақтастықтың болашағы әрқашан да белгісіз болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз