Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ұжымы жер комиссиясының қазіргі құрамы талқылаған мәселелер тізіміне риза емес.
Атап айтқанда, Ауыл шаруашылық академиясының қызметкерлері өз хатында мыналарды атап өтті:
“Жоғарыда айтылғандардың бәрі Ауыл шаруашылық ғылымдары академиясының ғылыми зерттеу нысаны болып табылады”, — делінген хатта. — Бізде сұрақ туындайды, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының мүшелері мен аграрлық бейіндегі ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның құрамына неге енгізілмеген? Олардың қатысуы көптеген қиын мәселелерді нәтижелі және жоғары деңгейде талқылауға мүмкіндік берер еді”.
Экономика ғылымдарының докторы, Ауыл шаруашылығы академиясының президенті Ғани Қалиев шенеуніктердің алдында аграрлық ғылым мен ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін үнемі көтеріп отырады. Айтқандарымен келіседі, бірақ нәтиже жоқ.
— Жер — жаңартылатын ресурс. Тиімді пайдаланған жағдайда, ол алдағы уақыттарда елдің азық-түлік мәселелерін шешуге негіз болады, — дейді ғалым. — Өкінішке орай,
бүгінде ауыл шаруашылығының өнімділігі өте төмен. Осыған байланысты ауылшаруашылық өнімдерінің өзіндік құны да өте жоғары
Біз ауыл шаруашылығының ең қажетті 8-10 өнімі бойынша тұтынудың медициналық нормасын да қамтамасыз ете алмаймыз. Тек астық бойынша ғана және ол да әр кезде әртүрлі.
— Сіздің ойыңызша, бұл проблемаларды жер комиссиясы қалай шеше алады?
— 2016 жылы алдыңғы жер комиссиясы жұмыс істеген кезде мен жерді тексеруден өткізу туралы мәселе көтердім. Сонда біз жерге байларды, сондай-ақ олардың жерді пайдалануынан келетін пайданы білер едік. Одан бас тартты – бұл коммерциялық құпия екен. Әрине, құпия болады, негізгі жерлер қолында билігі бар тұлғалардың иелігінде болса. Ең бастысы, бұл жерлердің барлығы бірдей мақсатына қарай пайдаланылмайды. Бірақ ол туралы сыртқа жарияламауды жөн көреді.
Жаңа технологиялар мен техниканы енгізген кезде ғана өнімділік жоғары болады.
Бұрын жабдықтар жылына 20-25% жаңартылатын, ал қазір бірнеше жыл ішінде жаңарту 1%-дан да аз. Түрлі деректер бойынша, пайдаланылатын техниканың 90%-ға жуығы моральдық және физикалық тұрғыдан әбден ескірген
Оны сатып алу үшін өндірушілердің табысы жоғары болуы керек.
— Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында өте ұсақ шаруа қожалықтары бар. Ол жерлерде ауыспалы егісті және ірі техниканы пайдалана алмайсыз. Мұндай фермерлік шаруашылықтарды кооперативтендіру керек. Адамдардың ойынан ұжымшарлар мен кеңшарлардың тәжірибесі кетпеген, директорлар барлық мүлікті жекешелендіріп, қарапайым фермерлерге ештеңе қалмаған қазіргі кезде не істеуге болады? Кооперативтерге бірігуден қорқады.
Ауылшаруашылығы академиясы мен АПК Экономика институтының ғалымдары Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы кооператив туралы заңға ұсыныстар енгізді. Министрлік бізді қолдады.
Бірақ негізгі ауылшаруашылық ведомствосында басшылықтың жиі ауысуда, министрлердің барлығы кооперативтің қажеттілігін түсіне бермейді
Алдымен кооператив туралы заң жүзеге асырыла бастады, содан кейін тағы да тоқтап, тыныштық орнады. Енді бұл мәселені түсінетініп, қолға алатындар аз.
Президент ауылшаруашылық жерлері жалға берілмейді және шетелдіктерге сатылмайды деген жарлық шығарды. Комиссия осы тақырып төңірегінде жұмысын жалғастыруда. Тым болмаса, Қазақстан азаматтарының жерімізді қалай тиімді пайдалануға болатынын талқылау қажет. Оларға жерді жеке меншікке беру керек пе? Қанша беру керек?
Жалпы, Қазақстанда азаматтарға тек ауыл шаруашылығы алқаптарын пайдалану құқығын сату бойынша жақсы тәжірибе бар. Бірақ кейіннен мемлекет жерге меншік құқығын берді де, жер тауарға айналды
Сонымен қатар, оның мүмкіндіктерін басқарудың тиімділігі тек төмендеп барады. Бізде сұрақ бар. Пайдаланылмаған егістіктерді, жайылымдарды айналымға қалай енгізуге болады, дақылдардың өнімділігі мен мол түсімін қалай арттыруға болады, төлем деңгейі қандай болуы тиіс? Бұл мәселелердің барлығын мамандар шешуі қажет. Бұл – аграрлық ғылым айналысатын жұмыстардың объектісі. Барлық сұрақтарға бізде жауаптар, зерттеулер мен ұсыныстар бар. Жер комиссиясының құрамына түрлі бағыттағы бірнеше ғалымды қосу керек, бірақ ешкімді қоспаған. Енді тиімді, қолайлы, кешенді ұсыныстар әзірленбейтін болды деп алаңдап отырмыз.