Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жер қойнауы туралы Кодекске енгізілген өзгеріс – ұлт жоспары бағдарламасының талабы

Отырыста Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексінің жобасын (бірінші оқылым) ілеспе түзетулерімен Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады. Министрдің мәлімдеуінше Кодекс жобасы – жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысында кездесетін кедергілерді жойып, саланың құқықтық базасын жетілдіруге, халықаралық стандарттарға өтуге және инвестициялық климатты жақсартып, салаға тікелей шетелдік инвестициялар тартуға бағытталған.

Бүгінгі таңда 104 елдің ішінде Қазақстан геология саласын мемлекеттік реттеу бойынша тек 74-ші орында тұр. Ал, жер қойнауының геологиялық тартымдылығы жағынан 45-ші орында. Бұл реформа әлемде болып жатқан дағдарыс пен оның салдарынан инвестор тартуға байланысты бәсекелестіктің артуынан туындап отыр.

Ұлт жоспары бағдарламасының қадамдарын іске асыру мақсатында әзірленген осы Кодекс жобасы бойынша депутаттардан, тұрақты Комитеттерден және Мәжілістің заңнама бөлімінен келіп түскен 600-ден астам ескертулер мен ұсыныстар қаралып, талқыланған.

Сондай-ақ, депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған Заң жобасы бұқаралық ақпарат құралдары, телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс, ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен коммуникациялар саласындағы өзгерістер бірнеше бағыттарға арналған. Оларды атап айтсақ,

Біріншіден,

ақпарат саласында азаматтардың құқықтарын:

– субтитрлеуді немесе сурдоаударманы кеңінен қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың ақпаратқа қолжетімділігіне құқықтарды пайдалану мүмкіндігін кеңейту;

– «баланың жасына сәйкес келетін ақпарат» деген ұғымды заңнамалық тұрғыдан бекіту;

– баланың бейнесін және дербес деректерін баланың өзінің немесе оның заңды өкілдерінің келісімінсіз пайдалануды шектеу жөніндегі нормаларды енгізу жолымен қамтамасыз ету.

2) БАҚ қызметі үшін: –

болмашы бұзушылықтар бойынша БАҚ қызметін тоқтата тұру және таралымды тәркілеу түрінде әкімшілік жазалау шараларын алып тастау;

– олардың ауызша және жазбаша сұрау салулары бойынша БАҚ ақпарат ұсыну процесін ретке келтіру;

– БАҚ-пен жұмыс істеуді жүзеге асыратын уәкілетті тұлғалардың немесе бөлімшелердің мәртебесі мен функцияларын айқындау;

– баспасөз басылымдарының уәкілетті органға міндетті дананы электрондық түрде ғана ұсынуы жолымен жағдай жасау.

3) Отандық телевизия және жарнама нарықтарын:

– ступтниктік телерадио хабарларын тарату операторларының қабылдағыш қондырғыларын таратумен айналысатын тұлғаларды телерадио хабарларын тарату субъектілері ретінде заңнамалық тұрғыдан айқындау;

– мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жария түрде көрсету үшін тек қана отандық теле-, радиоарналарын тарату жөніндегі талаптарды енгізу;

– мемлекеттік тілдегі жарнаманы тең мөлшерде бөлу жөніндегі нормаларды нақтылау жолымен дамыту.

4) Коммуникацияны:

– мемлекеттік-жекешелік әріптестік рәсімін жетілдіру арқылы ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша көрсетілетін қызметтерді алу;

– мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптарды қайта қарау, ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке міндетті сынақ рәсіміне жататын объектілерді анықтау жолымен дамыту.

Мәжіліс депутаттары осы отырыста Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңның жобасын ілеспе түзетурлерімен жұмысқа алып, бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгіледі.

Жалпы отырыс соңында бірқатар халық қалаулылары орталық мемлекеттік органдардың басшыларына депутаттық сауалдар жолдады. Олар – Аманжан Жамалов, Жамбыл Ахметбеков, Азат Перуашев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз