Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жер дауы: кәсіпкерлер не ойлайды?

Өзіміз Қарасай ауданында орналасқанбыз. Райымбек ауданында қолданылмай жатқан жерлерді беріп, біз сол жерге қазір инвестиция салып отырмыз.

Қазақта сөз бар «Байлаулы бұзау бұқа болмас» деген. Арамызда сол «бұқа болатын» азаматар отыр. Жұмысын дөңгелетіп отырған үлкен-үлкен азаматтардан үлгі алып, біз де жұмыс істеп жатырмыз.

Сондықтан жұмысын дөңгелетіп отырған, жұмыс істейтін, істей аламын деген азаматтарға жердің берілуіне, оның сатылуына ешқандай да дау-дамайдың туындамауы тиіс», — деді кәсіпкер.

«МРS» компаниясы басшысының көтерген тағы бір мәселесі – Шығыстағы көршіден туындаған қорқыныш. Оның айтуынша, егер шығыстағы көршіміз келеді деген ойдан туындаған қорқыныш болмаса, біздің халқымыз да, еліміз де Елбасымыздың бағыттаған саясатына қарсы келмей, үнемі қолдап келеді. Үкіметімізге де ешқашан дүрлігіп қарсы шығып көрген емес.

«Бұл жердегі мәселе, сол Шығыстағы көрші келе қалса, жерімізді ала қалса, елдігіміз, тәуелсіздігіміз кетіп қалмас па екен деген ой. Бұл ойға да құрметпен қарап, заңды түрде бір шешім табылса, шетелдіктердің біздің жерімізге келіп, жұмыс жасауына ешқандай қиыншылық жоқ деп ойлаймын. Мысалға, сел болады, ол кей жерлерді жуып-шайып кетіп жатады. Қасымыздағы көршіміз өте үлкен ел, сел сияқты лап беріп келіп қалады деген нәрсе…

Құдай оның бетін аулақ қылсын. Халықаралық құқық бар, халықаралық ұжымдар бар. Осылардың бәрін іске қоса отырып, дұрыс жөнін тапса, жалға беруге, жұмыс істетуге, еліміздің тиімділігіне қолдануға болады деген ойдамын», — деген пірікімен бөлісті Бақытжан Абдирасилов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз