Акция қаланың барлық аумағында өтіп, қоғамдық кеңістіктерді, демалыс аймақтарды, саябақтарды, скверлер мен аулаларды қамтиды. Қаланы тазартуға қала тұрғындары, еріктілер, құқық қорғау органдары, ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери оқу орындарының курсанттары, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, эстрада жұлдыздары, спортшылар мен блогерлер жұмылады. Олар Алматы көшелері мен скверлерді көгалдандырып, Ұлы Отан соғысы батырларының рухына тағзым етеді.
Алматы қаласының әкімдігі акция қатысушыларына ағаш көшеті, қолғап, қап, күрек пен тырма беру сынды барлық қажетті көмек көрсетеді. Қатысушыларға арнайы футболкалар, кепкалар және «Жеңіс» естелік ленталары таратылады.
Сенбілік 8 мамыр күні таңғы сағат 9:00-де басталады. Төменде қаланың сегіз ауданы бойынша негізгі орындары көрсетілген:
Әуезов ауданы: 1-ш/а., Алтынсарин даңғылы (Жұбанов көшесінен Ұлықбек даңғылына дейін)
Алатау ауданы: Бағаналы Орда көшесіндегі сквер
Алмалы ауданы: Амангелді көшесі (Төле би көшесінен Қазыбек би көшесіне дейін)
Бостандық ауданы: «Жас Қанат» сквері
Жетісу ауданы: Ратушный саябағы
Медеу ауданы: 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағы
Наурызбай ауданы: Ақсай көшесі, «Ақжар» сквері
Түрксіб ауданы: Набережная көшесі, 123-үй, Маяк жағынан
Акция мерекелік, тақырыптық атмосферада өтеді: концерттер, шеберлік дәрістері мен интерактивті алаңдар ұйымдастырылады. Әскери әндер мен ардагерлер ерлігіне арналған музыкалық қойылымдар патриоттық рухты арттырып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған сенбіліктің маңызын айқындай түседі.
Сенбілікке бизнес өкілдері, ПИК, МИБ және оларға тиесілі аумақтар үшін жауапты ұйымдар да қатысады. Көріктендіру ережесіне сәйкес, әрбір меншік иесі аумағында тәртіп орнатып, қасбеттерді жөндеп, тазалықты қамтамасыз етуге міндетті. Көріктендіру төлқұжаты осы жауапкершілікті бекітіп, меншік иесінің әлеуметтік рөлін күшейтеді.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін сенбілік өтетін орындарға «Байқоңыр» метро бекетінен арнайы автобус қатынайды: https://2gis.kz/almaty/geo/9430094738574967