Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жеңгетайлықпен айналысқан экс-депутатқа жаза кесілді

Бірақ, қулығына құрық бойламайтын 25 жасар Юлия Каралаш сол сот отырысы барысында прокурормен процессуалдық келісім жасап, 3 жылға шартты түрде сотталып отыр. Рудный қалалық сотына келіп түскен істе оған ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігі 2-тармағы «Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлықпен айналысу» деректері бойынша айып тағылған болатын.

Сот отырысы ҚР ҚПК 29-бабы 1-бөлігі талаптарына сәйкес, Юлия Каралашқа қозғалған қылмыстық істе адамдардың жеке өміріне қатысты мәліметтердің жария етілуін болдырмау мақсатында сот оны жабық түрде өткізуге шешім қабылдаған.

«Қылмыстық іс бойынша, Юлия Каралаш прокурормен процессуалдық келісім жасады. Сот үкімімен ол 3 жылға шартты түрде сотталды. Бұл ретте пробациялық бақылау жүргізілетін болады», – дейді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Алма Нұрсейітова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз