Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
5
USD
431
-1.48
EUR
520
-1.09
RUB
5.73
+0.06

«Жемқорлық һәм ит-тірлік». Қазақстанды тастап шетелге кетемін!

134

Бір жыл әрең жұмыс істедім. Бүйткен мектебі құрсын! Мектепте енді қайтып жұмыс істеуге зауқым соқпайды. Неге дейсіз ғой. Оқушыларды кінәлай алмаймын. Ағылшын тілін меңгеруге құлықты оқушылар көп. Болашақта олар жейтін нандарын осы тіл арқылы тауып жейтіндерін біледі. Мені мұғалімдер арасындағы сыпсың сөз, бәсеке шаршатты.

Мектепте мектеп директоры «құдай» екенін білдім.

«Директордың туған күні», оған мыншадан жинаймыз, «Бәленбай деген мейрам, директорға сыйлық жасау керек», мынша ақша әкеліңіздер, «комиссия келе жатыр» оған ақша жинау керек деп завучтар шапқылап жүреді. Амалсыз алған айлығыңның жартысынан көбін мектепке тастап кетесің. Ішің ашиды.

Сонда мен «директор мен келетін комиссия үшін жұмыс істеп жүрмін бе?» деп жынданамыз

https://kaz.365info.kz/ytajdan-emes-aza-ty-zhem-orlarynan-or-u-kerek-k-sipker-224090
Келесі жылы мектепті тастап, екінші мамандығым — бухгалтерлік жұмыс істеп көрейін деп талпындым. Ол да болмады. Өйткені дүниенің бәрі жекешеленіп кеткен.

Компания, фирма, мекеме басшылары сыртан келген маманды емес, өз таныстарын, туыстарын алатынына көз жеткіздім.

Дегенмен бір-екі жерге кіріп бірер айдан жұмыс істеп көрдім. Бірақ өзіңмен салыстырғанда түк білмейтін біреу сенің үстіңнен қарап, сенен көп айлық алатынын білген соң жұмысқа деген қызығушылығың жоғалады екен.

Компания, фирмаларда бухгалтерлік қызмет атқарып жүрген қыз-келіншектердің көбі сол мекеме басшысының туыс-таныстары не болмаса ашыналары болып келеді екен. Тіпті

мені жұмыс істеген бір фирманың басшысы соңымнан қалмай, төсекке сүйреп, көңілдесім бол дегенге дейін айтты.

Көнбеп едім, «жолың анау» деп жұмыстан шығарды. Тауым шағылып жүргенде бір танысым «сен шетелге кет. Ағылшын тілін тәуір шағасың, бухгалтерияны білесің. Сендей маманды шетелде бірден жұмысқа алады. Айлығың да мол. Ол жақта біздің мектептердегідей ақша жинау деген атымен жоқ. Төрт-бес жылда бір үйдің ақшасын жинап аласың деп кеңес берді. Тіпті ол танысым: «Болашақпен», тіпті жеке өз қаржысына барып шетелде оқығандар неге сол жақта қалып қалуға тырысады? Себебі табыс бізге қарағанда он-жиырма есе көп. Сондай-ақ ол жақта адам баласы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалған» деп, шетелді біраз мақтады.

Кейбір таныстарының балалары шетелде жұмыс істеп, шалқып өмір сүріп жатқанын да жеткізді. Оның айтқандары маған ой тастады.

«Расында, мен секілді өз саласын жетік білетін маман өз елімізге керек болмаса, жастарға жағдай жасалмаса, несіне қайыршының күнін кешіп жүремін? Одан да шет елге кетейін», деп шештім.

Өзім араласатын достарыма ойымды айтып едім, бәрі қолдай кетті. Сөйтсем олардың да көпшілігі қазіргі Қазақстаннан күдерін әбден үзіп, алдағы уақытта шетелге кетіп жұмыс істеуді, сол жақта қалуды ойлап жүргендер екен. Ойымыз бір жерден шықты.

Сонымен, жемқорлық пен неше-түрлі былыққа белшесінен батқан елімді тастап, шетелге кетуге бел будым.

Сіз қалай ойлайсыз мен жасағалы отырған қадам дұрыс па?
https://kaz.365info.kz/benzin-khymbat-bala-shagam-ash-khaldy-kriziske-tysken-khazakh-taksisi-288274
Айжан Көпжасарқызы

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз