2017 жылғы мамырдың 6-сы күні “Желтоқсан ақиқаты” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нүкен Бейсенғазы Сəдуұлының бастамасымен және ұйым мүшелерінің қолдауымен Алматы облысы, Райымбек ауданы, Ұзынбұлақ ауылында Желтоқсан көтерілісінің қаһарман қызы Сұлухан Назароваға ескерткіш тақтайша орнатылды.
Аяулы да батыр қыздың есімін мəңгі сақтау мақсатында жасалған іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Тақтайшаның ашылуына қоғам қайраткері Дос Көшім қатысып, алғашқы сөз сөйледі.
“Желтоқсан ақиқаты” ұйымының төрағасы Нүкен Бейсенғазы Сəдуұлы, “Желтоқсан ақиқаты” Алматы облысы филиалының төрағасы Ізтілеу Тойшыбайұлы, “Желтоқсан ақиқаты” Алматы қалалық филиалының төрайымы Күміс Күргенбаева, “Желтоқсан ақиқаты” Түрксіб ауданының төрайымы Сапура Тоқсеитова, ұйымның белді мүшелері Бақыткүл Асылбаева, Ережолла Орынғалиевтер өз тілектерін айтты.
Сұлухан Назарованың ұлы Тəуекел анасына арнап шығарған әсерлі өлеңін оқыды. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, өлеңдерін айтып, арнайы дайындаған көріністерін қойды. Мектеп директоры да ізгі тілегін, ризашылығын білдірді.