Алматы Ішкі істер департаменті қалада көз жұмған 12 балаға қатысты ақпаратты жоққа шығарды.
Айта кетелік, аттары аталған дәрілік заттарды қабылдап, аллергиясы қозып көз жұмған 12 бала туралы ақпарат Whatsapp желісі арқылы тарап, елдің дабыра қылған.
Қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
«Бұл қауесет 2015 жылы таралған. Сол кезде жалған ақпарат таратқан Астана қаласының тұрғыны ұсталған болатын. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабының 1-бөлімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын», – деді Салтанат Әзірбек.