Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Желіде Петропавл әкімінің қарт агрономға ұрсып жатқан видеосы тарауда (видео)

Рязапов бауда жыртқыш аңдарды асырауға қарсы болған, сол үшін Тасмағамбетовтен сөз естіген. Осы сәтті жиналысқа қатысып жатқандардың бірі телефонға түсірген.

“Сондай боқ ауыз сөздер болды, сұмдық! Мұнда әйелдер тұр ғой дедім. Ол болса, ол баяғыда әйел болудан қалған, ол шенеунік деді. Осыны боқтықпен айтты. Бұл Ботаникалық бауда демалатын керемет орындар бар.

Менің ұсынғаным: орындық, фонтан, мүсіндерді жаңартайық дедім. Ал біздікілер мұнда аю, қасқыр мен қабан ұстамақ. Оларға кім қарайды? Мұнда балалар келеді. Айына мыңдаған бала.

Бұл ботаникалық кереметті көру үшін жақын қалалардан келеді. Мұнда суда мекен ететіндер, тотықұстар мен еліктер бар. Бірақ аяқ-асты аюды… Қалай… Мен өзім аюдан қорқамын. Ол болса маған: өзің белгілерді жинап алғаныңмен, түкте ұқпайсың деп айтты”, – дейді болған жай туралы Равиль Рязапов.

Ғалымның сөзінше, әкіммен жанжалға ұласқан келіспеушілік 14 маусымда болған. Айта кетейік, Петропавл қаласының Ботаникалық бауына 105 жыл болған. Аумағы екі гектардай жер. Дендрарийде ағаштың екі мыңдай түрі бар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз