Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Желіде аянышты суреттері тарап кеткен Шелек ауруханасы жөнделетін болды

145

Қазір еліміздегі ауруханалардың 65 проценті ескірген. Оның барлығын жаңадан салу немесе күрделі жөндеуден өткізу керек. Олардың арасында аудандық ауруханалар көп.

Себебі соңғы кездері қалалық, облыстық деңгейде ауруханалар көп салынды», – деді министр.

Оның айтуынша, Шелек ауруханасына жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы жоспарлануда.

«Біздің бюджеттік кодекс бойынша, жергілікті мемлекеттік медициналық ұйымдар тікелей жергілікті әкімдікке қарайды. Яғни, жергілікті бюджеттен ақша бөлінуі қажет.

Шелек ауруханасы мәселесін өткен аптада Үкімет отырысында қарастырдық және қажетті қаржыны бюджеттен жоспарлап отырмыз.

Сол жоспар бекітілген соң жергілікті әкімдік жөндеу жұмыстарына кіріседі», – деді Біртанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы орталық ауруханасының мүшкіл жағдайының суреті желіде тарап кеткен еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз