Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Жекпе-жек 12 раундқа созылмайды, Головкинді сөзсіз нокаутқа түсіремін – Альварес

Мұның алдында мексикалық боксшы жеңісіне сенімді болғандықтан Головкинмен бір ғана жекпе-жек өткізетінін айтқан. Алайда келісімшартта Альварес қана пайдалана алатын қарымта кездесу туралы тармақ бар.

Сонымен бірге, “Канело” қазақстандық боксшының мексикалық стилі барын айтқан. Оның пікірінше, бұл олардың жекпе-жегі үшін ұтымды жайт. Лас-Вегастың T-Mobile аренасында өтетін жекпе-жекте Головкин WBA (Super), WBC, IBF және IBO атақтарын қорғайтын болады.  Ал Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Головкин-Альварес жекпе-жегіне арнайы белбеу жасады. Алайда мексикалық бұл ұйымның белбеуіне таласы жоғын осының алдында айтқан.

Дереккөз: Vesti.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз