Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Жеке сот сараптамасы: жақсы ма әлде жаман ба?

420
фото profguide.io сайтынан алынды

Сот-сараптама жүйесінің кезекті реформасы бірыңғай сот-сараптама қызметін құруды көздейді. Қазірдің өзінде сот сарапшыларының Республикалық Палатасы құрылды. 300-ге жуық сарапшы шетелде тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырды. Реформа, сондай-ақ зиянды еңбек жағдайы үшін қосымша ақы түрінде сот сарапшылары еңбекақысының 30-дан 45%-ға дейін өсуін көздейді. Сондай-ақ, сот-сараптама жүйесінің материалдық-техникалық базасын жаңарту туралы сөз болып отыр.

Мемлекеттік функциялар — жеке адамдардың қолына

Пилоттық жоба Нұр-сұлтан мен Алматының жеке сарапшыларына азаматтық істер бойынша бастапқы сот-құрылыс, тауартану және экономикалық сараптамалар жүргізуді беруді көздейді. Сонымен қоса Шымкент, Қостанай және Павлодар облыстарында қылмыстық істер бойынша жекелеген сараптамаларды мемлекеттік емес сарапшылар жүргізетін болады.

Әділет министрлігі жобаның оң нәтиже көрсеткенін — жұмыстың орындалу мерзімі қысқарғанын, мемлекеттік сарапшылардың жүктемесі азайғанын атап өтті

Әдеттегідей, кез келген реформада басты мәселе — бұл рәсімнің сапасы мен объективтілігі қарастырылады.

Жемқорлық күшейген Қазақстанда өздеріне қажетті нәтиже алу үшін мемлекеттік сарапшыларға жиі қысым жасалады. Нәтижесінде сатып алынған сараптамалар негізінде шығарылған күмәнді сот шешімдері мен үкімдерге қол жеткізіп жүрмейміз бе? Бұл туралы адвокат Жангелді Сүлейменовтен сұрадық.

Жангелді Сулейменов, фото Facebook-тағы жеке парақшасынан алынды

Сараптама – бұл құжат, оның негізінде адамдардың тағдыры шешіледі. Қазіргі кезде қайтымсыз салдар қаупін төмендетуге бола ма?

— Мұндай бәсекелестік бар орта бүгінде Қазақстанда да бар. Себебі мемлекеттік сот-сараптама институттарына да, лицензиясы бар жеке сарапшыларға да сараптама жүргізуге рұқсат етіледі.

Айтпақшы, көптеген жеке сарапшылар – мемлекеттік институттардың бұрынғы қызметкерлері. Олар жеке бөлініп кетеді, өйткені табысы жоғары болады.

Мемлекеттік немесе жеке сарапшылар шеше алмайтын, өте сирек кездесетін мәселелер бойынша елімізден тыс жерлерде де бір реттік сараптама жасату сияқты сирек жағдайлар орын алады.

Сараптаманың кейбір түрлерін нарыққа шығару, менің ойымша, бұл бірінші кезең. Екінші кезеңде жалпы барлығы беріледі, өйткені бұлай жалғаса алмайды – жартысы мына жақта, ал жартысы басқа жақта болмайды.

Саудаласудың мәні жоқ

— Тәжірибе жинақтап жүрген қорғаушы ретінде сіздің қандай қорқынышыңыз бар?

– Ерекше қорқыныш жоқ. Себебі заңнамада сарапшыларды сапасыз, жалған немесе субъективті сараптама жасаудан сақтайтын тетіктер жеткілікті. Олардың бірі – сарапшының әдейі жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертуі. Бұл жақсы механизм, ол жұмыс істейді. Осы бап бойынша сарапшылардың жауапқа тартылған кездері де болды.

Ойланып көрейікші, жеке сарапшы қылмыстық жауапкершілік туралы ескертуге қол қойды делік. Бірақ сотта немесе сотқа дейінгі тергеу кезінде жалған қорытынды берген болсын. Кез-келген істе қарсылас тараптар бар. Қылмыстық процесте бұл жәбірленуші мен күдікті, азаматтық процесте — талапкер және жауапкер. Сондай-ақ тергеуші мен сот бар. Барлық қатысушылар сараптаманың дұрыстығы мен объективті болуына мүдделі. Соның негізінде үкім немесе шешім шығарылады. ҚІЖК мен АІЖК-де бұл туралы керемет норма бар

сарапшының қорытындысы іс бойынша басқа дәлелдемелер сияқты заңды күшке ие

Егер ол басқа дәлелдердің жиынтығына қайшы келсе, оның негізінде айыптауды немесе сот шешімін шығара алмайсың. Сараптаманы бағалауы – екінші тежеу механизмі.

Үшінші, әлемнің барлық заңнамаларында бар қайтадан және қосымша сараптамалар тағайындау. Яғни, егер процеске қатысушылардың бірі сараптаманың іс материалдарына қарама-қайшылығын және сәйкес келмейтіндігін байқаған жағдайда, ол жаңа немесе қосымша сараптамалар тағайындауға қол жеткізуге құқылы.

Соңында, өте даулы жағдайларда қайтадан комиссиялық сараптама жүргізіледі. Егер бастапқы сарапшы үлгілерді қасақана өзгерткен немесе дұрыс емес қорытынды жасаған болса, ол сотталушылардың орындығына отыруы әбден мүмкін.

Таңдау құқығы

– Пилоттық жобада тергеу жүргізу тапсырылатын жеке сарапшыны таңдау құқығы туралы ештеңе айтылмаған.

– Бұл норманы мен заңнамаға қосар едім. Ең дұрысы, қарсылас тарап, егер қаласа, сол мәселелер бойынша басқа сарапшыға сараптама жасату құқығына ие болуы керек. Сонда нақты жағдайлар бойынша сараптамалық бәсекелестіктің нақты қағидасы пайда болады. Мұндай жағдайда сарапшылар күмәнді қорытынды жасау, жасамау туралы жүз рет ойланады. Өзара сөз байласа ма? Тұрмеге бірге отыру қаупі бар.

Жалпы, әлемде “лицензияңды құрметтеу” деген ұғым бар. Сараптама – бұл табысы жоғары және жақсы еңбекақы төленетін орын. Ешкім беделе нұқсан келтіретін тәуекелге бармайды немесе бостандығына қауіп төндірмейді, шын айтамын.

Айтпақшы, аудиторлар, нотариустар мен бағалаушылар – өз салаларындағы сарапшылар, олар да ұзақ уақыт бойы бәсекелестік ортада жұмыс істеп келеді. Олардың жасаған қорытындылары мен қабылдаған құжаттар негізінде миллиардтар әкелетін мәмілелер жасалады. Бәрі қалыпты жұмыс істеп жатыр. Тек шарттық немесе сыбайлас жемқорлық сараптамасының тәуекелдерін азайтатын тетіктер қажет.

Он мыңдаған істерге жүктеме

– Бекетаев сондай-ақ, бәсекелестік ортаға беру сараптама институттарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға және жаңғыртуға мүмкіндік беретінін айтты. Бәсекелестік ортаға беру – бұл мемлекеттің моральдық тұрғыдан ескірген жабдықтарды жаңартуға кететін шығындарды үнемдеу тәсілі емес пе екен?

– Мұндай логиканың да қисыны бар. Қаржыландыру жағынан қиындықтар шынымен де бар. Сараптама қызметтері ақылы болғанымен, өте арзан. Сарапшының әрбір жұмыс сағатына 500-700 теңге – бұл бір іске 150-250 мың теңге. Бұл аз. Ал сот сараптамасын бәсекелестік ортаға беру институттарды бюджеттік қаржыландыру қажеттілігін азайтады.

Бәсекелестік ортаға берілгеннен кейін материалдық-техникалық база жетілдіріле ме, жоқ па, бұл даулы мәселе. Өкінішке орай, сатып алу тұрғысынан сыбайлас жемқорлықтың құрамдас бөлігі айқын байқалады. Қажет емес немесе шынымен ескірген жабдықты алдыңғы қатарлы жабдықтың бағасымен сатып алғызады. Мәселе осыда.

Тағы бір маңызды аспект: сараптама жасату үшін Қазақстанда үлкен кезек қалыптасқан. Сот сараптамалары институттарында жұмыс өте көп

Сондықтан, бізге, қорғаушыларға, сараптама тағайындалған күннің өзінде “футбол” ойыны тәрізді түрлі сылтау айтылатын жағдайлар жиі кездеседі. Сұрақтар өзгереді, басқа құжаттар сұралады немесе сарапшы материалдың жеткіліксіздігіне байланысты сараптама жүргізуден бас тартады. Сараптама жүргізу мерзімі жиі бұзылады. Оны ешкім сақтамайды, ал адамдар мұндай уақытта, шартты түрде түрмеде босқа отырады.

Мемлекеттік сараптама институты жүктемесі көп болуына байланысты өз функцияларын орындай алмай отыр – бұл шындық.

Соттарда және сотқа дейінгі тергеуде миллиондаған істер жатыр. Егер әрбір оныншысына сараптама қажет болса да, айтарлықтай көп сан шығады

Аздаған сарапшыларға он мыңдаған іс. Осы жерден, мерзімінде тапсырамыз деп жанталасқанда сараптама сапасының төмендеуі мен әңгіме басында айтқандай қауіп-қатер шығады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз