2016 жылғы 12-мамырдағы жағдайға сәйкес, «Қазақстанның Даму Банкі» жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасының шеңберінде жеке тұлғалардан несие алуға түскен 6 630 өтінімді мақұлдады. Нәтижесіндеп, 22 млрд 988,7 млн теңгенің несиесі берілген.
Олардың ішінен екінші деңгейдегі 6 банк отандық көлік өндірушілердің автокөліктерін сатып алуға жалпы сомасы 20 489,6 млн теңгеге 6 006 несие берді.
Жеке тұлғаларға жергілікті өндірілген жеңіл автокөлік сатып алуға ҚР Үкіметі бекіткен несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі – ең көбі жылдық 4 пайыз, алайда жылдық тиімді мөлшерлеме (оның ішіне сақтандыру және автокөлікті кепілге салу шығындары кіреді) 7,5 пайыздан аспау керек. Несие мерзімі – ең ұзағы 5 жыл, қарыз валютасы – теңге, жеңіл көліктің біреуінің бағасы – ең қымбаты 9 000 000 теңге, бастапқы жарна (бар болса) – сатып алынатын көліктің бағасынан 20 пайыз. Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жаңартпалы сипаты бар. Яғни, ағымдағы несиелерді өтеуден түскен төлемдер қайтадан атонесие беруге жұмсалады.