Қазақстанның танымал жазушысы, Қазақстан журналистер одағаның мүшесі Сапабек Әсіпұлы өмірден озды. Қазақ тарихындағы зұлмат жылдар ашаршылық пен соғысты көрген қаламгер биыл 93 жасқа толатын еді.
Сапабек Әсіпұлы 1925 жылы 21 қарашада қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Қабырға ауылына қарасты Сарының Алакөлі деген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын он екі жасында шығырға құлақшы болудан бастады.
1972 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми қызметкер, Бас редактордың бірінші орынбасары, редакция меңгерушісі болып істеген. Жазушының сүбелі еңбегі отаршылдық пен ашаршылық қасіреті жайындағы төрттағаны (тетралогия): “Қазақ қасіреті”, “Қатерлі дерт, қалжыраған халық”, “Танталовы муки степи”, “Қауқарсыз қазақ мәселесі” еді.
“Нұрхан Ахметбековтың поэтикалық әлемі” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973). Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты (1995).
Дереккөз: Қазақпарат