Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жазға арналған жоспарлар. TikTok авторларының кітап оқу туралы ұсыныстары

505
Сурет: 24tv.ua

Набоков пен Стокер

TikTok авторы Фая @fayabooks поэзияны сүйетіндігі туралы баяндайды.  Яғни, өзінің бір ролигінде ол Анна Ахматованың өлеңдерін оқуға кеңес береді. Жан-жақты қыз тек қана орыс тілінде ғана емес, ағылшын тілінде де оқиды.

Фая еңбек демалысы кезіндегі өзіңіздің must read тізіміңізді мынадай кітаптармен толықтыруға кеңес береді: Рэй Брэдберидің «Фаренгейт бойынша 451», Мария Кореллидің «Шайтанның қайғысы», Михаил Булгаковтың «Морфий», Джек Лондонның «Мартин Иден», Уильям Теккерейдің «Атаққұмарлық жәрмеңкесі», Владимир Набоковтың «Тыңшысы» мен «Қараңғы камерасы».

Бір қызығы, танымал классиктердің қатарына Брем Стокер лақап атымен әлдеқайда танымал болған Мария Корелли кірген.

1895 жылы викторияндық Англияда «Шайтанның қайғысы» романы нағыз бестселлерге айналады. Оқырмандар демін ішіне тарта отырып, жанын шайтанға сатып, ең құнды дүниесі – талантынан айырылған жазушы Джеффри Темпестің әңгімелерін асыға күтеді. Автордың таңдауы бұл кітаптың қазіргі заманда да өзектілігін жоғалтпағанын аңғартады.

Сондай-ақ тізімде ағылшын тіліндегі тағы екі кітап бар: Kate Elisabeth Russell «My Dark Vanessa» мен Donna Tartt «The Secret History».

Фоэр мен Вульф

TikTok авторы Карина @karinaloveslit классикалық әдебиетті ұнататын қырымен көрінсе де, бірақ осыған қарамастан, заманауи кітаптар туралы пікірлер жазады. Мысалы, ол Джонатан Сафран Фоердің «Өте қатты және тым жақын» атты хитін жан-жақты талдайды. Оқиға 11 қыркүйектегі апатта әкесінен айырылған Оскар есімді кішкентай баланың атынан баяндалады. Кішкентай Оскардың өмірі «бұрын және кейін» деп екіге бөлінеді. Ол әкесінен айрылып қалғанына көндіге алмай, тірі болар деген үмітпен оны іздеуге кіріседі. Кітап жеңіл оқылғанымен, жан дүниеңді тілгілеп, балалық шақтың қасіретімен бірге шектіреді.

Кітаби автор өз кітапханасындағы жаңалықтарымен былай бөліседі: Наоми Вольф «Сұлулық туралы аңыз», Александр Дюма «Граф Монте-Кристо», Альберт Камю «Азғындау», Вирджиния Вулф «Менің бөлмем», «Маякқа», Сомерсет Моем «Өрнекті мұқаба», Курт Воннегут «Жер сілкінісі», Аркадий мен Борис Стругацкийлер «Жол жиегіндегі думан», Брэм Стокер «Дракула», Джоан Харрис «Шоколад», Натаниэль Хоторн «Алқызыл әріп», Эдит Уотторн «Кінәсіздік дәуірі». Карина әрбір кітап несімен қызықтырғаны туралы кішігірім пікір қалдырады.  Сонымен қатар автор өз жазылушыларына ғылыми фантастика мен фэнтезидің синоним емес екенін түсіндіре отырып, олардың арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.

Моэм мен Янагихара

ТiкТок-тан Айдананың @aidanabooks жазылушылары кітаптарға арналған көптеген шолуларды, оқуға деген әзіл-қалжың мен махаббаттың барлық көрінісін таба алады.

Сомерсет Могамға құмар автор жазушының еңбегіне арналған бейнебаяндарының бірінде «Бәліштер мен сыра, немесе шкафтағы скелет» романын талдайды. Уильям Эшенден есімді жас жігіт ағылшын жазушысы Эдвард Дриффилдтің өмірбаянын жазады. Ол шығармашылық ортаға еніп, баға жетпес тәжірибе жинақтай отырып, әдебиеттің өмірлік керістерден қалай туатынын түсінеді. Алайда, Айдана бұл шығармашылық жауһарлар кез келген адамның қолынан туа бермейтінін де ескертеді – егер адам Моэмның шығармашылығымен енді ғана таныса бастаса, онда бұл кітап кері итеруі мүмкін. Бірақ ол осы кітапты қалайда оқуға кеңес береді. Ал енді кейіпкердің Жаңа Орлеандағы шытырман оқиғасын баяндайтын Рене Ахдидің «Сұлулық» романтикалық хикаясына Айдана күмәнді ирониямен қарайды.

Айдананың жаздық жоспарлар iшіне сенімді түрде қосқан кітаптарының тізімі: Ханья Янагихардың «Кішкентай өмір», Арина Цимеринг пен Оксана Багрийдің «Джакартада аман қалудың ережелері», Себастьян де Кастеллдің «Сиқыр жасаушы», Джей Кристофф «Түн емес», Арчибальд Крониннің «Цитадель», Робин Хоббтың «Корольдің кісі өлтірушісі» мен Андреа Стюарттің «Сүйек сынықтарының қызы».

Қазақстандық жас авторлар

Айтқандай, сіз де TikTok-та оқыған кітаптарыңыз туралы өз шолуыңызды жасай аласыз. Қазақстандықтар  #кiтапток хэштегі арқылы бейнебаяндарын белсенді түрде жариялап жатыр. Бұл бейнебаяндар қазірдің өзінде 50 миллионнан астам рет қаралған және қаралу саны өсіп келеді.

Ал егер сіз кітап оқып қана қоймай, оны өзіңіз де шығармашылықпен айналысатын болсаңыз, онда қазақтың жас жазушысы Май Сараның @mayathesarah аккаунты сізге қызықты әрі пайдалы болуы мүмкін. Ол TikTok-та өзінің алғашқы кітабы «Терра және шоқжұлдыздардың құпиясы» қалай жазылғаны туралы әңгімелейді. Бұл роликте ол сюжет пен кейіпкерлердің қалай дүниеге келгенін сипаттайды. Екінші бейнебаянда – кітап мұқабасы қалай жасалғаны туралы әңгімелейді. Үшіншісінде – шытырман оқиғалы хикаяның басылу тарихы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз