Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Жазадан жалтарып кете беретін дөкей баласы – Мақсат Үсенов ақыры сотталды

Сот отырысында Мақсат Үсенов ұшақтың ішінде шылым шегіп, ішімдік ішкенін мойындады. Бірақ ол жолаушылар мен стюардессаларды балағаттағанын мойындаған жоқ. Үсеновтың айтуынша, ол өзін нашар сезінгендіктен темекі шеккен. Сондай-ақ, оның сөзінше, стюардессалардың бірі оның жеке дүниелерін қопарыпты-мыс, сондықтан оған дауыс көтерген.

Сот Мақсат Үсеновті кінәлі деп тауып, 10 тәулікке қамау түрінде әкімшілік жазаға тартты.

https://kaz.365info.kz/kharyzy-bar-makhsat-ysenovtin-shetelge-shyguyna-nege-rykhsat-berilgenin-resmi-organ-tysindirip-kordi-265689

Бұған дейін хабарланғандай, Мақсат Үсенов Таиландта ұшақ бортында ұсталған болатын. Ол ұшақ экипажына бағынудан бас тартып, бортта өзін ұстау әдебін өрескел бұзған. Кейін ҚР Сыртқы істер министрлігі Бангкок арқылы Вьетнамға ұшқан Мақсат Үсеновті тайландтық құқық қорғау органдары жауапкершілікке тартпай, босатқанын хабарлады. Осы оқиғадан кейін Үсеновтің 160 мың теңгеден астам салық борышы бар екені белгілі болды. Ал мұндай қарызы бар адамның шетелге шығуға құқығы жоқ. 8 маусымда ол берешегін төледі.

https://kaz.365info.kz/bygan-ozi-zhaza-zhokh-pa-baj-balasy-makhsat-ysenov-tagy-bylik-shygardy-video-264957

Еске сала кетейік, 2013 жылдың желтоқсанында “Астана ЭКСПО-2017” ұлттық компаниясы құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұлы Мақсат Үсенов өзінің BMW X6 көлігімен жүйіткіп келіп, жол жиегінде тұрған алты адамды қағып кеткен болатын. Салдарынан жас жігіт қайтыс болып, бірнеше адам зардап шекті. Тәртіп сақшылары бұл жайтқа байланысты қылмыстық іс қозғағанымен, тараптардың бітімге келуіне байланысты іс тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз