Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Жаза деңгейі жасалған құқық бұзушылыққа сәйкес болуы тиіс” – Нұрлан Нығматулин

Өз кезегінде Әділет министрі Марат Бекетаев заң жобасын әзірлеу барысында бұл бастама көтерілгенін, кішігірім залалдың өлшемін айқындауға талпыныс болғанын атап өтті. Өкінішке қарай, бұл мәселеде мемлекеттік органдармен өзара келісімге қол жеткізілмеген.

«Депутаттардың бұл тақырыптағы ұсынысын толықтай қолдаймын», – деді министр.

Осы мәселені талқылау барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Павлодар қаласында тұратын жеке кәсіпкердің хатын оқып берді.

«Парламент Мәжілісіне павлодардық жеке кәсіпкер Тұрсынхановтан келген хатты оқып бергім келеді.

Хатта: «Парламент Мәжілісінде Әкімшілік кодекстің талқыланып жатқанын ескере отырып, Павлодар қаласы мемлекеттік кірістер басқармасымен туындаған мәселені жариялауды жөн көрдім. 2016 жылы маған 318 150 теңге айыппұл салынып, лицензияны тоқтата тұру әрі оны қайтару түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылдым.

Осындай ауыр жаза ешбір зұлым ниетсіз жасалған төлемге байланысты болып отыр, яғни есептеу қателігінен туындады.

Мен лицензиялық алым аясында 212 100 теңгенің орнына 212 000 теңге төлеген екенмін, яғни 100 теңге кем төледім. Павлодардың мемлекеттік кірістер басқармасы маған айыппұл жазып, лицензия қайтарылды», – делінген. Қараңыздар не болып жатқынын! Сіз жаңа (Әділет министріне қарата айтты) екі-үш меморган «кішігірім залал» не екенін тұжырымдай алмай отырғанын айттыңыз. Осындай жағдайлар жиі кездеседі. Біз бизнес үшін қолайлы жағдай жасап жатырмыз деп мәлімдеп жүрміз. Жоғарыда аталған норманы қайтару керек.

Жаза деңгейі жасалған құқық бұзушылыққа сәйкес болуы тиіс»,

– деп ұсынды Нұрлан Нығматулин.

Талқылау барысында әзірлеушілер жұмыс тобымен бірге осы мәселені мұқият қарап, егер зиян келтірілмесе, жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік беретін заң жобасын екінші оқылымда қарағанға дейін пысықтау қажеттігі атап өтілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз