Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Жауап беріңізші”. Атышулы ұстаздың Сағадиевке тиісуі қаншалықты орынды?

221

Айтуынша, 2017-2018 жаңа оқу жылынан бастап  5-7-сыныптарға жаңа бағдарлама енгізілгелі жатыр. Ұстаз осы ретте жаңартылған  бағдарламаның курсын оқып бітірген екен.

“Методикасында әңгіме жоқ. Баланы еркіндікке тәрбиелейді, неше түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыны өз ойын ашық айтуға дағдыландыратын тамаша дүние.  Бірақ жаңартылған бағдарламаның  кітабы мен негізгі өтілетін  тақырыптары қазақ тілін жоюдың таптырмас  құралы екенін байқадым.

7-сынып «Атамұра» баспасы, қазақ тілі оқулығы. Қазақ тілі кітабында «Ауа райы, климат, атмосфера», «Климат және климаттық аймақтар», «Климаттық өзгерістер»  деген тақырыптар жүр. Бұл тақырыптарға арналған  мәтіндер мен тапсырмалар да бар”, – дейді ол.

Соған дәлел ретінде бірқатар мысал келтіріпті.

Кітаптың ішінде мынадай сұрақтар бар екен.

1. Мәтінді тыңдап, ауа райының біздің өмірімізге тигізетін әсерін талдаңдар.

2. Қазақстанда қандай климаттық аймақтар бар?

3. Шөл даланың негізгі өсімдіктері нелер? Шөл дала аңына немесе жануарына нелер жатады? Кестеге салып толтырыңдар.

“Негізгі тақырып  «климат», тапсырма  «климат», мәтін  «климат», сонда қазақ тілі қайда? Тапсырмаларды қарап отырсақ географияны оқып жатқан сияқтымыз.

Егер мәтін ретінде ғана берілсе немесе қазақ тілінің сөйлеу тілін дамытуға арналған тапсырмалар болса түсінер едім. Қазақ тілі сабағын оқытудағы негізгі мақсаты қазақ тілінде сөйлеуге, жазуға үйрету болса, қазақ тілі сабағына климаттың, шөл даланың не екенін сұраудың  қажеті  бар ма?

Қазақстанның Білім және ғылым министрі Ерлан  Сағадиев  мырзадан мынаны сұрағым келеді: «Мен оқушыма қазақ тілін үйретемін бе, әлде шөл даланы аралап зерттеу жасап кетемін бе?»…”

– дейді Айман Сағидулла.

Рас, сөзінің жаны бар. Бірақ, бұл арада Сағидулла айтқандай, шөл даланың не екенін сұрап тұрған жоқ қой. Біздіңше, климаттық аймақтардың қазақша атауын, шөл далада өсетін өсімдіктердің қазақша қалай аталатын білгеннен оқушы ұтылмайды. Керісінше, сөз байлығын толықтырады. Өйткені бұған қатысты терминдердің, түсініктерді көпшілігі орысша екені жасырын емес. Тіл сол арқылы түзеледі емес пе?

Тілдің тазалығы да сол тілдің сөздік қорын қаншалықты игергеніңе байланысты ғой?

Бұған Сағадиев не дер екен? Біздіңше министр “үндемеген үйдей бәледен құтылады” деген ұстанымды ұстанатын сияқты. Қазіргі заманда халық сынынан қашып, пікір алмаспау қаншалықты қисынды осы?

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз