Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Жастар жұмысшы мамандығын меңгеруі керек

188

Соңғы жылдары еліміздегі кәсіптік-техникалық білімді дамытуға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қолдау көрсетіп, бұл бағытта кең ауқымды жұмыстар қолға алынды. Бүгінде сол жұмыстар өзінің нәтижесін бере бастады десек, артық айтқандық болмас еді.

Еліміздегі кәсіптік-техникалық білімнің өрісін кеңейтіп, керегесін кеңейтуде ҚР Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған «Кәсіпқор» холдингіне үлкен міндет жүктелген. Қазір холдинг Қазақстандағы ТжКБ жүйесін жандандыруды қамтитын төрт стратегиялық бағыт бойынша жұмыс істеуде. Олар – ТжКБ білім беру жүйесінің мазмұнын жаңарту, ТжКБ оқыту сапасын арттыру, ТжКБ тиімділігі мен мәртебесін арттыру және экономиканың сұранысы мен инновациялық бағыттары бойынша жұмыс істеп жатқан ТжКБ беру ұйымдарын жұмысын жандандыру болып табылады. Ендігі кезекте осы алтын арқау етіп белгілеген басым бағыттар бойынша жұмыстардың қалай іске асып жатқанына тоқталсақ.

Бірінші, ТжКБ білім беру үрдісінің мазмұнын жаңарту жолында сегіз білім беру бағдарламасы әзірленіп, оның 97 үлгілік оқу жоспары мен бағдарламасы дайындалды. Осы ретте холдинг мамандары дайындаған 29 жаңа білім беру бағдарламасы еліміздегі 157 колледжге енгізілді. Айталық, Өскемен, Шымкент және Ақтау қалаларында жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша колледждерге әдіснамалық және кеңестік қолдау көрсету бойынша өңірлік семинарлар ұйымдастырдық (270 адам қамтылды). Сонымен қатар ТжКБ беру ұйымдарының оқу-әдістемелік бірлестіктерінің қызметін жандандыру бойынша да қыруар жұмыстар атқарылды.

Холдингтің 45 білім беру бағдарламалары бойынша ТжКБ түлектеріне сертификаттау жүргізіп, біліктілікті көтеру үшін теориялық және практикалық тест тапсырмалары әзірленді. Осы маңызды шаралардың аясында «Дуальды оқыту: үздік практика, трендтер мен стратегия» атты халықаралық конференция өткізгенімізді де атап өтудің мәні зор деп есептеймін.

Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамытуда біздер өзге елдердің озық тәжірибелерін сүзгіден өткізіп, оларды Қазақстан жағдайында бейімдеуде бірақ еңбектендік. Нәтижесінде шетелдің 400 оқу әдебиетін аударып, оған көпшіліктің қолжетімділігін арттырудың сәті түсті.

Біздің тағы бір жетістігіміз ретінде еліміздегі 5 колледжде «Есептеу техникасы және бағарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасы енгізгенімізді атап айтуға болады. Сол сияқты 34 колледжге 30 қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге әдістемелік қолдау көрсетіп жатырмыз.

Педагогикалық мамандықтардың білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша РОӘБ жұмыс жүргізілуде. Колледждердің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқу», «Бастауыш білім» ОӘБ бірге қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламалары әзірленді.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғалар үшін арнайы оқу бағдарламаларын және «Тігінші» біліктілігі бойынша (ойлау қабілетінде ақауы бар тұлғалар үшін) арнайы оқу бағдарламасының жобасын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар дайындалды. ТжКБ жүйесіне 2018-2022 жылдар аралығында көптілді білімді дамытудың жол картасы ТжКБД әзірленіп, енгізіледі.

Екінші, ТжКБ оқыту сапасын арттыруда «ТжКБ жүйесінің педагогикалық қызметкерлерінің және оған қатысты адамдардың біліктілігін арттырудың деңгейлі моделінің концепциясы» жобасы әзірленіп, ҚР БҒМ ұсынылды.

Біліктілікті арттырудың 6 жаңа бағдарламалары бойынша мемлекеттік колледждердің 300 басшысы мен 4900 ИПҚ (2 060 өндірістік оқыту шеберлері, 2 840 арнайы пәндер оқытушылары) оқыту курсынан өтті.

Оқыту бағдарламасының мазмұнына түзету енгізу үшін 2016 жылы курстық оқытудан өткен ТжКБ беру ұйымдарының 780 басшысы мен ИПҚ тәуелсіз бағалау және құрастырылған кәсіби құзыреттіліктерге сараптама жүргізіп, штаттан тыс 285 тренерлер дайындалды.

Бүгінде ТжКБ беру ұйымдарының білім беру үрдісіне инновациялық білім беру технологияларын енгізудің де маңызы зор. Бұл мәселе бойынша 7 өңірлік тәжірибелік-семинар ұйымдастырылды. Айталық, «Жоғары білікті мамандарды даярлаудағы өндірістік оқыту шеберлерінің орны мен рөлі» атты республикалық семинар-жиналыста көптеген мәселе көтеріп, мамандар ТжКБ қатысты көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Осындай игілікті жұмыстардың арқасында елімізде ТжКБ жүйесін дамытуға мүдделі мақсатты топтары (ТжКБ беру ұйымдарының басшылары, штаттан тыс тренерлер, әдіскерлер, оқытушылар, ӨО шеберлері) құрылып, ТжКБ беру ұйымдары қызметкерлерінің желілік қауымдастығы дамып келеді.

Үшінші, ТжКБ тиімділігі мен мәртебесін арттыруға қатысты 30 кәсіптік мамандық бойынша World Skills Kazakhstan 2017 жылдың Ұлттық чемпионаты ұйымдастырылды. Еліміз бойынша байқауда топ жарған жастарымыз Абу-Даби мен Краснодар қаласында өткен World Skills әлемдік чемпионатына қатысып, Қазақстанның намысын қорғады.

Осы ретте World Skills халықаралық стандарттары бойынша 81 қазақстандық сарапшыны оқыту жүргізілгенін айта кетуіміз керек. Сондай-ақ, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, БҒМ берілді.

Холдингтің қазақстандық «Рост-Өрлеу» және Ресейдің өндірістік колледждер ассоциациясының арасындағы қарым-қатынасы шеңберінде білім берудің дуальды моделі бойынша жұмыстар жүргізіп жатқан жайымыз бар.

Бақыршық Шалқия кен орыны үшін мамандарды даярлау бойынша Еуропалық қайта құру және даму банкімен жұмыстарымыз жалғасуда. Ал «Knowledge Engineering» ЖШС-мен бірге «ТжКБ әлемі» порталын құру жұмыстары жүйел түрде жүріп жатыр.

Пилоттық жоба ретінде еліміздің төрт облыста (Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай) алғаш рет өңірлік деңгейде Турин үрдісі бойынша жұмыстарды бастап кеттік.

Сонымен қатар «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ және «Агротехнологиялық хаб» КФ бірге аграрлық мамандықтар бойынша оқу-әдістемелік құралдарды жаңарту және аграрлық өнім кешеніндегі оқытушылардың біліктілігін арттыру орталығын құру бағытында да жұмыстар қызу жүріп жатыр. Осы ретте шетелдік компаниялармен және ұйымдармен 4 меморандумға қол қоюдың сәті түсті.

Төртінші, экономиканың сұранысқа ие және инновациялық бағыттары бойынша ТжКБ ағымдағы білім беру ұйымдарын дамытуда «APEC Petrotechnic» жоғары колледж» ЖШС тәжірибесін еліміздің колледждеріне тарату басым бағытқа айналып отыр. 2017 жылы APEC Petrotechnic Cambridge International Examinations халықаралық аккредитациясын және OPITO салалық халықаралық аккредитациясына ие болдық. APEC Petrotechnic ағылшын тілінде оқытылатын арнайы пәндерді оқыту тәжірибесі жинақталып, еліміздің колледждеріне таратылды. Осы ретте «APEC Petrotechnic жоғары колледж тәжірибесін еліміздің колледждеріне тарату» ғылыми-практикалық конференциясы жүргізілді.

Мұнай-газ саласы үшін Халықаралық білім беру хабарын APEC Petrotechnic базасында құру бойынша іс-әрекет жоспарлануда. Сонымен қатар экономика салалары және World Skills құзыреттіліктері бойынша өңірлерде құзыреттіліктер орталығын құру бойынша жұмыстар басталды.

Дайындық бағыттары бойынша колледждер рейтингі құрылуда. Алдағы уақытта базалық колледждерді дамытуда әдіснамалық және кеңестік қолдау көрсететін боламыз.

Алдағы уақытта 4.0 Индустрия бойынша білікті мамандарды даярлау бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мазмұнын жаңарту, ИПҚ біліктілігін арттырудың жаңа бағдарламаларын әзірлеу; «ТжКБ әлемі» порталын іске қосуды қамтамасыз ету; World SkillsKazakhstan қозғалысын жүйелі дамыту және тиімді арттыру және әртүрлі жастағы жастарды тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

еліміздің алдыңғы қатардағы колледждерін (құзыреттіліктер орталығы, базалық, серіктестік) дамытуға қолдау көрсету; Халықаралық білім беру хаба ретінде және ТжКБ жүйесінің «даму нүктесі» ретінде APEC Petrotechnic қызметінің тиімділігін дамыту бағытында жұмыстарды жалғастыратын боламыз.

Нұрғали АРШАБЕКОВ, «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ басқарма төрағасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз