Танымал әнші Айгүл Иманбаева жуырда Прагаға барып, онда өзінің жаңа клипін түсірген болатын. Клипте жас жігіттің сүйіктісі болып рөл ойнаған актрисаны жұрт сынап тастаған болатын. «Время» газетіне берген сұхбатында әнші клиптегі «сүйіктісі» өмірде ұлының досы екенін ашық айтты.
Бұл туралы Nur.kz хабарлады.
«Клипте менің сүйіктім болып ойнайтын жігіт қазақ болмауы керек еді. Мұндай мақсатты менің шығармашылық серіктесім әрі шоу бизнестегі продюсерім Баян Алагөзова қойған. Клипті Прагада түсіретін болғандықтан, актерді іздеуге және оны онда апаруға қосымша қаражат кетірмеу үшін оны менің ұлым тауып берді.
https://kaz.365info.kz/oj-ol-tygylyp-otyr-ajgyl-imanbaeva-shendilerdin-tokhaldaryn-kozge-shykhyp-korsetti-316648
Баян Прагада оқитын ұлыма хабарласып, оған әдемі, бойы ұзын, сақалы бар, жасы шамамен 35-40 жастағы ер адамды табуға тапсырма берген еді.
Бірақ ұлым оның сақалы бар болуы керек екенін ғана естіген болуы керек, әйтеуір 25 жастағы осы баланы алып келіпті.
Жігіттің есімі Владимир Гогулинский, ұлты – украиналық, студент, менің ұлымның бірге оқитын досы. Сондықтан ол бізді қолдап, бейнебаянда менің сүйіктімнің рөлін ойнап шықты. Басында сәл ыңғайсыздандым. Ол бала ұлымнан бірнеше жас қана үлкен ғой деп. Бірақ біз актер болғандықтан, образға кіруіміз керек болған.
Қазір желіде «Бұл сұмдық», «Жігіт төсекке кофе апарып, сен ұялмай соны ішіп отырғаның қалай?», «Сен неге қазақ емес жігітпен бір төсекте жатырсың», – деп сұрақтың астына алған кезде мен өзімнің актриса екенімді айтамын. «Мен актрисамын, менің мамандығым сондай», – деп жауап беремін», – дейді Айгүл Иманбаева.
https://kaz.365info.kz/aga-ymyt-olardy-kharyndasynyn-byl-sozin-estigen-esentaev-renzhip-khapty-foto-316798
Демек сіз мұндай провакацияға саналы түрде бардыңыз ғой?
“Өзгеріс әр адамға керек, әр нәрсені көру керек. Мен қазақша ойлап, қазақша сөйлейтін актриса ретінде өзімнің жүріс-тұрысыма баға беремін. Мәселен, егер мен дәстүрлі әнші болсам онда әңгіме басқаша болар еді. Өмірі ұлттық киім киіп, сәукеле тағып жүріп, мына істеп жүргенің не деуге болатын еді. Бұл шынымен таңғаларлық жайт болар еді. Бірақ олай емес.
Сондықтан мен мұндай мәселеге бас қатырмаймын. Өйтіп айтып отырғандардың барлығы менің театрдағы образдарымды көрмеген болар. Мен министрдің қызы, наркоман қыздың, өз балаларын өлтіретін қылмыскерді де ойнаймын. Менің ойнайтын образдарым өте көп.
Онда неге бұл клипті де кезекті образ ретінде қабылдамасқа?”, деді Айгүл Иманбаева.
https://kaz.365info.kz/tosindi-zhap-kamshattyn-yyatsyz-khylygy-zheli-kholdanushysynyn-zhynyna-tidi-video-316799