Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Жарты жылда халық Ұлттық банктен жарты тонна алтын сатып алған

Фото: Kapital.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, 2021 жылдың маусым айында банктер мен жекелеген айырбастау пункттері халыққа 3 188 құйма алтын сатқан. Бұл – аффинирленген алтынның өлшенген құймаларын сату және сатып алу жөніндегі бағдарлама әрекет еткен уақыт ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Яғни, 2017 жылдан бастап.

Бек бір рет қана бір айда сатылым саны 3000 бірліктен асқан – бұл 2020 жылдың қазан айында болды (3066).

Мамырда 1 813 құйма сатылып, сатылым күрт төмендегеннен кейін маусым айында алтынға рекордтық сұраныс орын алды. Осылайша, сандық жағынан сұраныс 76%-ға артты.

Көбірек сатып алуда

Алайда сатылған алтынның салмағы рекордтық дәрежеге жетпеді. Расында аз ғана. Егер 2020 жылғы қазанда Ұлттық Банк 127,6 кг сатса, 2021 жылғы маусымда – 124,2 килограмм сатылды.

Сонымен бірге, мамырмен салыстырғанда сатылған алтынның жалпы салмағы екі еседен астам өсті. Жалпы 6 айда сатылған құймалардың салмағы бір жыл бұрынғы 275,5 келіге қарағанда 498,3 келіні құрағанын атап өткен жөн.

Бірінші жартыжылдықта тек екі рет айлық көрсеткіш 100 кг-нан асқан. Қаңтарда жалпы салмағы 111,5 кг болды. Ең төменгі көрсеткіш наурызда — 48,2 кг. Бұл 2020 жылдың мамырынан бергі ең аз көрсеткіш. Дәл сол кезден бастап Ұлттық Банк деректерді ай сайын жүйелі түрде жариялай бастады.

Құймалар ауырлап барады

Маусым айында сатылған бір құйманың орташа салмағы 39 грамм болды. Мамыр айымен салыстырғанда көрсеткіш 5,5 граммға өсті. Жалпы, ағымдағы көрсеткіш соңғы 5 айдағы ең жоғарысы болды. Ал бұл қазақстандықтардың неғұрлым ауыр құймаларды жиі сатып ала бастағанын білдіреді. Басқаша айтқанда, алтынға көбірек инвестиция салуда.

Маусым айында салмағы 50 грамм болатын құймалар ең көп сұранысқа ие болды, бірақ соңғы айларда ерекше сұранысқа ие болмады. Ұлттық Банктің деректерінен белгілі болғандай, өткен айда 830 бірлік сатылды – ақпан мен мамыр аралығында барлығы осындай салмақтағы 475 құйма сатылды.

Ең қымбат құймаларға да сұраныс артты, олардың салмағы 100 грамм – мамырдағы 459-дан маусым айында 673-ке дейін өсті. Сұраныстың 10 граммдық данаға да айтарлықтай өсуі байқалады – 556-дан 805 данаға дейін. Үшінші ай қатарынан салмағы 20 грамм болатын құймалар ең аз сұранысқа ие болды – маусым айында олардың тек 194 данасы сатылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз