Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әсел Асқардың жарнамасы жұрттың жағасын ұстатты (видео)

516

Әсел Асқар өзінің атынан ойнатылып жатқан кезекті “гивтің” жарнамасында жеңіл жүрісті қыздың рөлін сомдаған. Сюжет бойынша, Әсел ақша табу үшін арын сатады. Сөз соңында мұндай жолмен ақша тапқанша, өз байқауына қатысуға шақырады.

Желі қолданушылары Әселдің бұл қылығын аямай сынап тастады.

“Қазақстанның барлық қыздары жезөкшелік жолмен ақша табады дегісі келіп тұр ма? Қателесесің, сұлуым. Біз өз еңбегімізбен, ешқандай да аға-көкелердің көмегімен аяққа тұрып жатырмыз. Жарнама сұмдық. Бірінші кезекті өз намысыңызды аяққа таптадыңыз. Өте өкінішті”, – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.

Тағы бір оқырмандар тобы басқа емес, дәл әнші Бүркіттің қарындасының осындай қылыққа барғанына күйінген.

“Бұл қызды таза әрі жақсы деп ойлағандарға таңғаламын. Рас айтасыздар ма? Мен мүлдем таңғалып отырған жоқпын.

Бүркіт, өкінішті, қанша жылдан бері бедел үшін жұмыс істедіңіз, қарындасыңыз бүкіл отбасының абыройын айрандай төгу үшін бе?” – дейді тағы бір оқырман.

Оның видеосын мына арадан көруге болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз