Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Жарма ауданында домбыраға алып ескерткіш орнатылды

189

Бұл өңір күллі қазаққа есімі мәлім Түбек Байқошқарұлы бастаған 17 ақыннның туып өскен мекені. Осылайша тәуелсіз елдің ұрпағы бабалардан қалған мұраны ұлықтады. Жас сәулетші Нұрбол Қалиев емен ағаштың ортасын жарып шыққан домбыра арқылы ұрпақтар сабақтастығы мен Мәңгілік Ел идеясын көрсеткім келді дейді. Салтанатты рәсімде белгілі күйші Айбек Бекбосын өзінің «Елбасы» толғауы мен «Мәңгілік» күйін шашу ретінде орындады.

Нұрбол Қалиев, ескерткіш авторы:

– Жалпы ата-бабамыздан келе жатқан осы ағашпен тарқатады ғой. Үлкен атадан кейінгі балаға дейін. Еменнің ортасына домбыра қазақпен біртұтас жаралған өзіндік орны бар, домалақ шеңберге үйлестіріп сүйтіп жасадық.

Бабалар мұңы мен даламыздың үні мұнан кейін Қалбатау ауылының орталық алаңында шарықтады. Мұнда көрші аудандар мен Семей қаласынан келген ұлт-аспаптар оркестрі күй жарыс өткізіп, көпшілікке мереке сыйлады.

Серікқазы Қорабай, әдебиет зерттеушісі:

– Домбыра дегеніміз қылыштан өткір, құрыштан берік киелі аспап. Ақтамберді кезінде осы домбырамен, тек қана қылышпен, найзамен емес, домбырамен де өзінің жырлары арқылы жауына қаһар төгіп, әрқашан жеңіске жетіп отырған.

Айбек Бекбосын, күйші:

– Бүкіл қазақтың басын қазақтың бас қаласы Астана қаласына жинап, кереметтей таза бір дәстүрлі күй мектебін ашатын болсақ, ол нұр үстіне нұр болушы еді. Мектепке күй өнерін кіргізсе екен. Яғни математика, қазақ тілі сияқты оқытуға міндетті қылып, күй өнерін кіргізсек, күйіміз одан әрі дами түсуші еді.

Осылайша Елбасымыздың жарлығымен бекітілген Ұлық мереке Ұлы дала елінде ұлықталып, Қазақ даласын күмбірлеген күй мен әуезді әуен шарлап кете барды. Еліміздің түкпір түкпірінде оркестрлар фестивалі өтіп, бұл күн нағыз халықтық мерекеге айналды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз